Басқару тақтасы, Қазақша – Инструкция по эксплуатации HP DeskJet GT 5820

Страница 26

Advertising
background image

26

Басқару тақтасы

1

Басқару тақтасының дисплейі: Көшірмелер санын, басып шығару механизмінің құю күйін, мультимедиа

қателерін, сымсыз күйді және сигнал қуатын, Wi-Fi Direct күйін және басып шығару механизмі

мәселелерін көрсетеді. Белгішелер туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/support

бетіндегі толық Пайдалану нұсқаулығын қараңыз немесе компьютеріңізге ұсынылған бағдарламалық

құралды орнатсаңыз, Электрондық анықтаманы қараңыз.

2

Cancel (Бас тарту) түймесі: Ағымдағы операцияны тоқтатады.

3

Wireless (Сымсыз байланыс) түймесі: Сымсыз байланыс мүмкіндіктерін қосады немесе өшіреді.
Wireless (Сымсыз байланыс) шамы: Принтердің сымсыз желіге қосылғандығын көрсетеді.

Жыпылықтайтын шам сымсыз байланыстың орнатылмағанын немесе принтердің қосылуға дайындалып

жатқандығын білдіреді.

4

Wi-Fi Direct түймесі: Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосады немесе өшіреді.
Wi-Fi Direct шамы: Wi-Fi Direct функциясының қосулы немесе өшірулі күйін көрсетеді. Жыпылықтайтын

шам принтердің мобильді құрылғыға Wi-Fi Protected Setup (WPS) push режимінде жалғанғанын немесе

Wi-Fi Direct байланысында ақау барын білдіреді.

5

Start Copy Color (Түрлі түсті көшіруді бастау) түймесі: Түрлі түсті көшірме жұмысын бастайды. Түрлі түсті

көшірмелер санын көбейту үшін түймені бірнеше рет басыңыз. Көшірмелер саны басқару тақтасының

дисплейінде көрсетіледі. Көшірме жасау соңғы түйме басылғаннан кейін екі секундта басталады.
Ескерту: Start Copy Color (Түрлі түсті көшіруді бастау) түймесін 3 секундтай басып тұру арқылы басып

шығару сапасын диагностикалау есебін жасауға болады.

6

Power (Қуат) түймесі: Принтерді қосады немесе өшіреді.

7

Printhead Alert (Басып шығару механизмі ескертуі) шамы: Басып шығару механизмі мәселелерін көрсетеді.

8

Resume (Жалғастыру) түймесі: Ақаудан кейін жұмысты қайта жалғастырады (мысалы, қағазды салған

соң немесе қағаз кептелісін тазартқан соң).
Resume (Жалғастыру) шамы: Принтер ескерту не қате күйінде екендігін көрсетеді.

9

Information (Ақпарат) түймесі: Принтерді желіге немесе тікелей компьютерге және мобильді

құрылғыларға сымсыз жалғау әдісі туралы ақпаратты басып шығару үшін, осы түймені басыңыз.

10

HP ePrint түймесі: HP ePrint функциясын қосады немесе өшіреді.
HP ePrint шамы: HP ePrint функциясының қосулы немесе өшірулі күйін көрсетеді. Жыпылықтайтын шам

веб-қызметтермен байланыста ақау барын білдіреді.

11

Start Copy Black (Ақ және қара көшіруді бастау) түймесі: Ақ және қара көшірме жұмысын бастайды. Ақ

және қара көшірмелер санын көбейту үшін түймені бірнеше рет басыңыз. Көшірмелер саны басқару

тақтасының дисплейінде көрсетіледі. Көшірме жасау соңғы түйме басылғаннан кейін екі секундта

басталады.

Қазақша

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: