Қауіпсіздік ақпараты, Басқару тақтасы дисплейінің қателері, Қазақша – Инструкция по эксплуатации HP DeskJet GT 5820

Страница 31

Advertising
background image

31

Қауіпсіздік ақпараты

Тек HP компаниясы ұсынған қуат сымын және қуат адаптерін (берілген болса) пайдаланыңыз.
Сия құрамында нитраттар бар. Ішпеңіз немесе ауызға салмаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Көзге

тигізбеңіз. Қауіпсіздік төлқұжаты, өнім қауіпсіздігі және қоршаған орта туралы ақпарат www.hp.com/go/ecodata

веб-сайтында қол жетімді.

Принтер басқару тақтасының дисплейі «E» әрпі мен санды кезекпен жыпылықтату арқылы кейбір қателерді көрсетеді.

Төмендегі кестеде кейбір қарапайым қателер қамтылған.

Басқару тақтасы дисплейінің қателері

                   Дисплей қатесі

                                                                 Шешім

Басып шығару механизмі

кареткасының аударылуы

1. Принтердің алдындағы басып шығару механизмінің кіру есігін ашыңыз.
2. Каретка ысырмасының толығымен жабылғанын және каретканың еркін қозғала

алатынын тексеріңіз.

МАҢЫЗДЫ! Каретка ысырмасын ашпаңыз, бірақ мықтап басылғанын тексеріңіз.

Ысырманы ашсаңыз, басып шығару механизмін зақымдауы мүмкін.
3. Басып шығару механизмінің кіру есігін, сосын алдыңғы есікті жабыңыз.
4. Басып шығаруды жалғастыру үшін, Resume (Жалғастыру) түймесін басыңыз.

Қағаз кептелісі

1. Қағаз кептелісін тазарту үшін, Resume (Жалғастыру) түймесін басыңыз.
2. Егер бұл қағаз кептелісін тазаламаса, www.hp.com/go/support бетіндегі толық

Пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз немесе компьютеріңізге ұсынылған

бағдарламалық нұсқаулықты орнатсаңыз, Электрондық анықтаманы қараңыз.

Ескертпе: Қағаз кептелісін тазалау үшін принтерді еңкейту немесе жылжыту алдында

сия клапанын құлыпталған күйге оң жаққа бұрғаныңызды тексеріңіз. Басып шығаруды

жалғастырмас бұрын, сия клапанын құлпы ашылған күйге сол жаққа бұрыңыз.

Жүйеге техникалық қызмет

көрсету қажет

Басып шығару механизмінің кіру есігін толық ашып, оны тез арада жабыңыз.

Бұл процесс артық сияны алып тастауға көмектеседі және принтердің бүкіл

жарамдылық мерзімінде жақсы басып шығару сапасымен қамтамасыз етеді.
МАҢЫЗДЫ! Осы жұмыс кезінде каретка ысырмасын ашпаңыз; орындамаған

жағдайда жаңа басып шығару механизмдері қажет болуы мүмкін.

Қате белгішесі ( ) мен қағаз

қатесінің белгішесі ( ) бірге

жанса, принтерде қағаз жоғын

білдіреді.

1. Науаға қағазды салыңыз.
2. Басып шығаруды жалғастыру үшін, Resume (Жалғастыру) түймесін басыңыз.
Ескертпе: Қағаз салу әдісі туралы ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/support

бетіндегі толық Пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз немесе компьютеріңізге

ұсынылған бағдарламалық нұсқаулықты орнатсаңыз, Электрондық анықтаманы

қараңыз.

НЕМЕСЕ

Қате белгішесі ( ) және бір

немесе екі басып шығару

механизмі белгішесі (

) бірге

жыпылықтаса, басып шығару

механизмінде ақау барын

көрсетеді.

Сол жақ басып шығару механизмінің белгішесі жыпылықтаса, үш түсті басып

шығару механизміне қатысты ақау барын, ал оң жақ басып шығару механизмінің

белгішесі жыпылықтаса, қара басып шығару механизміне қатысты ақау барын

көрсетеді.
Принтерді бірінші рет орнатып жатсаңыз, жыпылықтаған басып шығару

механизмінің белгішесі көрсеткен басып шығару механизмінен лентаны

алғаныңызды тексеріңіз.
Егер принтерді пайдаланып жатсаңыз және басып шығару сапасының

нашарлағанын байқап бастасаңыз, көрсетілген басып шығару механизмін ауыстыру

қажет. Ауыстыратын басып шығару механизмін алу үшін, www.hp.com/go/support

бетіндегі HP қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Басқару тақтасы дисплейінің қателері туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/support бетіне кіріп, толық

Пайдаланушы нұсқаулығын көріңіз немесе жүктеңіз. Компьютеріңізге ұсынылған бағдарламалық құралды орнатсаңыз,

басқару тақтасы дисплейінің қателерін Электрондық анықтамадан да табасыз.

Қазақша

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: