Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации Samsung WW90J6410CW

Страница 156

Advertising
background image

Казақ

44 

Ақаулықты түзету

Тексерілетін мәселелер

Егер кір жуғыш машинаға қатысты мәселе пайда болса, әуелі келесі кестені қарап, ұсыныстарды
қолданып көріңіз.

Ақаулық

Әрекет

Жұмыс істей
бастамайды.

• Кір жуғыш машинаның қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су шүмектерінің ашық екенін тексеріңіз.
• Кір жуғыш машинаны іске қосу үшін

Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз

немесе түртіңіз.

Бала қауіпсіздігінің құралы сөндірулі екеніне көз жеткізіңіз.

• Кір жуғыш машинаға су құйылар алдында бірнеше рет сырт-сырт еткен

дыбыс естіледі де, есіктің бекітілгені тексеріледі, содан кейін жылдам
төгеді.

• Сақтандырғышты тексеріңіз немесе айырып-қосқышты қайта қалпына

қойыңыз.

Су жетіспей тұр немесе
ешбір су құйылмаған.

• Су шүмегін толық ашыңыз.
• Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің мұздап қалмағанын тексеріңіз.
• Су құятын түтіктің жаншылып немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
• Судың қысымының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.

Цикл аяқталғаннан
кейін жуғыш зат
үлестіргіште шамалы
жуғыш зат қалды.

• Кір жуғыш машинадағы су қысымының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
• Жуғыш заттың жуғыш зат үлестіргіштің ортасына салынғанына көз

жеткізіңіз.

• Шаю қақпағының дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
• Егер түйіршіктелген жуғыш затты пайдалансаңыз, жуғыш зат

таңдағыштың үстіңгі жақта тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Шаю қақпағын алып, жуғыш зат үлестіргішті тазалаңыз.

Қатты дірілдейді
немесе шуыл
шығарады.

• Кір жуғыш машинаның тайғанақ емес тегіс, қатты еденге орнатылғанына

көз жеткізіңіз. Егер еден тегіс болмаса, кір жуғыш машинаның биіктігін
реттеу үшін реттегіш тіректерді пайдаланыңыз.

• Тасымал болттарының алынғанын тексеріңіз.
• Кір жуғыш машинаның басқа затқа тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Кірдің теңгерімі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
• Қалыпты жұмыс барысында қозғалтқыштан шуыл шығуы мүмкін.
• Жұмыс комбинизондарын немесе темірмен безендірілген киімдерді

жуған кезде шуыл шығаруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

• Тиын тәрізді темір заттардан шуыл шығады. Жуып болғаннан кейін осы

заттарды барабаннан және сүзгінің корпусынан алыңыз.

Ақаулықты түзету

WW6000J-03580U-00_KK.indd 44

6/22/2016 7:43:04 PM

Advertising