Кірді қолмен жуу, Кір жуу туралы кеңес, Кірді қолмен жуу кір жуу туралы кеңес – Инструкция по эксплуатации Samsung WF90F5E5U4W
Страница 121: Кірді төмендегі белгілері бойынша сұрыптап жуыңыз, Қалталарды босату
Казақ - 29
03 ПАЙДА
ЛАНУ
Кірді қолмен жуу
Кірді Цикл таңдау тетігін қолданбай қолмен жууға болады.
1. Кір жуғыш машинаға су құйыңыз.
2. Есікті ашыңыз.
3. Барабанды қатты толтырмай, кірлерді таратып салыңыз.
4. Есікті жабыңыз.
5. Қуатты қосу үшін Қуат түймесін басыңыз.
6. Жуғыш затты, қажет болса жұмсартқышты немесе алдын ала жуғыш затты, жуғыш зат үлестіргіштің тиісті
қорапшаларына салыңыз.
7. Цикл таңдау тетігін бұрап, Хлопок (Мақта мата) циклын таңдаңыз.
8. Температураны таңдау үшін Темп. түймесін басыңыз.
(Суық су , 20 ˚C, 30 ˚C, 40 ˚C, 60 ˚C және 95 ˚C)
9. Шаю циклының санын Полоскание (Шаю) түймесін басып таңдаңыз.
Ең көбі бес шаю циклін қосуға болады.
Жуу циклінің ұзақтығы сәйкесінше ұзарады.
10. Айналдыру жылдамдығын таңдау үшін Отжим (Айналдыру) түймесін басыңыз. (
: Шаюды кідірту, :
Айналдырмау)
11. Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) түймесін, қолжетімді Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) параметрлерін (3 сағаттан
бастап 19 дейін, бір сағаттық қадаммен қойылады) қою үшін қайта-қайта басыңыз. Көрсетілген уақыт жуу
циклінің аяқталу уақытын білдіреді.
12. Жууды бастау үшін Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.
Кір жуу туралы кеңес
Кірді барынша таза жуу, әрі кір жуу үрдісі барынша оңтайлы болуы үшін мына қарапайым нұсқауларды орындаңыз.
Киімді жуар алдында әрқашан затбелгісін тексеріңіз.
Кірді төмендегі белгілері бойынша сұрыптап жуыңыз:
• Затбелгі: Кірді мақта мата, аралас мата, синтетика, жібек мата, жүн мата және жасанды талшық бойынша
сұрыптаңыз.
• Түсі: Ақ және түрлі-түсті етіп бөліңіз. Түрлі-түсті заттарды жеке жуыңыз.
• Көлемі: Үлкендіктері әр түрлі заттарды бірге жуғанда, жуу үрдісі жақсара түседі.
• Нәзіктік: Нәзік матадан жасалған заттарды, таза, жаңа жүн заттарға арналған, перде және жібек матаға
арналған баппен жуу циклін қолданып жеке жуыңыз. Жуылатын киімдердің затбелгілерін тексеріңіз немесе
"
Матаға күтім көрсету кестесі" тарауын 42-беттен қараңыз.
Қалталарды босату
Әр жуу циклін бастамай тұрып, киімдердің барлық қалталарын босату керек. Кішкене, пішімі бірегей емес, тиын,
пышақ, түйреуіш және қағаз қыстырғыш тәрізді қатты заттар кір жуғыш машинаға нұқсан келтіруі мүмкін.
Үлкен қапсырмасы, түймелері бар немесе ауыр темір зат тағылған киімдерді жумаңыз. Киімге тағылған темір зат
киімді, сондай-ақ барабанды бүлдіруі мүмкін. Түймелері бар және жиектері көмкерілген киімдердің астарын, жумай
тұрып сыртына аударыңыз. Егер шалбарлардың немесе күртешелердің тартпалары жуған кезде ашық тұрса,
барабанға зақым келуі мүмкін. Тартпаларды жумай тұрып салып, баумен бекіту керек.
Ұзын бауы бар киімдер басқа киімдерге байланып қалып, оларды бүлдіруі мүмкін. Киімнің бауларын жумай тұрып
байлаңыз.
F500E-03367T-00_KK.indd 29
6/23/2016 2:23:53 PM