Ақаулықты түзету және ақпарат кодтары, Тексерілетін мәселелер – Инструкция по эксплуатации Samsung WF90F5E5U4W

Страница 128

Advertising
background image

Казақ - 36

Ақаулықты түзету және ақпарат кодтары

Тексерілетін мәселелер

Егер кір жуғыш машинаға қатысты мәселе пайда болса, әуелі келесі кестені қарап, ұсыныстарды қолданып көріңіз.

АҚАУЛЫҚ

ӘРЕКЕТ

Жұмыс істей

бастамайды.

• Кір жуғыш машинаның қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су шүмектерінің ашық екенін тексеріңіз.
• Кір жуғыш машинаны іске қосу үшін

Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз немесе

түртіңіз.

Бала қауіпсіздігінің құралы сөндірулі екеніне көз жеткізіңіз.

• Кір жуғыш машинаға су құйылар алдында бірнеше рет сырт-сырт еткен дыбыс

естіледі де, есіктің бекітілгені тексеріледі, содан кейін жылдам төгеді.

• Сақтандырғышты тексеріңіз немесе айырып-қосқышты қайта қалпына қойыңыз.

Су жетіспей тұр немесе

ешбір су құйылмаған.

• Су шүмегін толық ашыңыз.
• Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің мұздап қалмағанын тексеріңіз.
• Су құятын түтіктің жаншылып немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
• Судың қысымының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.

Цикл аяқталғаннан

кейін жуғыш зат

үлестіргіште шамалы

жуғыш зат қалды.

• Кір жуғыш машинадағы су қысымының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
• Жуғыш заттың жуғыш зат үлестіргіштің ортасына салынғанына көз жеткізіңіз.
• Шаю қақпағының дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
• Егер түйіршіктелген жуғыш затты пайдалансаңыз, жуғыш зат таңдағыштың үстіңгі

жақта тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Шаю қақпағын алып, жуғыш зат үлестіргішті тазалаңыз.

Қатты дірілдейді

немесе шуыл

шығарады.

• Кір жуғыш машинаның тайғанақ емес тегіс, қатты еденге орнатылғанына көз

жеткізіңіз. Егер еден тегіс болмаса, кір жуғыш машинаның биіктігін реттеу үшін

реттегіш тіректерді пайдаланыңыз.

• Тасымал болттарының алынғанын тексеріңіз.
• Кір жуғыш машинаның басқа затқа тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Кірдің теңгерімі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
• Қалыпты жұмыс барысында қозғалтқыштан шуыл шығуы мүмкін.
• Жұмыс комбинизондарын немесе темірмен безендірілген киімдерді жуған кезде

шуыл шығаруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

• Тиын тәрізді темір заттардан шуыл шығады. Жуып болғаннан кейін осы заттарды

барабаннан және сүзгінің корпусынан алыңыз.

Суды төкпейді

және/немесе

айналдырмайды.

• Су төгетін түтіктің су төгетін құбырға дейін тура қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Су төгу кедергісі пайда болса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Қоқыс сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Есікті жауып,

Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз немесе түртіңіз. Өз

қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін кір жуғыш машина есік жабылмайынша

кептірмейді немесе айналдырмайды.

• Су төгетін түтіктің мұздап немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
• Су төгетін түтіктің кептеліп қалмаған құбырға жалғанғанына көз жеткізіңіз.
• Егер кір жуғыш машинаға қосылып тұрған тоқ жеткіліксіз болса, кір жуғыш

машина уақытша су төкпейді немесе айналдырмайды. Кір жуғыш машинаға тоқ

жеткілікті беріле бастаған кезде ол қалыпты жұмыс істейді.

F500E-03367T-00_KK.indd 36

6/23/2016 2:23:55 PM

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: