Мақта матаны алдын ала жуу, Кірдің салынатын мөлшерін анықтау – Инструкция по эксплуатации Samsung WF90F5E5U4W
Страница 122
Казақ - 30
Мақта матаны алдын ала жуу
Жаңа кір жуғыш машинаңыз, соңғы заманғы жуғыш заттарды қолданғанда қуатты, уақытты, су мен жуғыш затты
үнемдей отырып, тамаша жуу нәтижесіне жетуге көмектеседі. Дегенмен, мақта мата қатты кірлеген жағдайда,
протеин негізінде жасалған жуғыш затпен алдын ала жуыңыз.
Кірдің салынатын мөлшерін анықтау
Кір жуғыш машинаға өте көп кір салмаңыз, кір дұрыс жуылмай қалуы мүмкін. Қай кірді қанша мөлшерде салуға
болатындығын төмендегі кестеге қарап анықтаңыз.
Матаның түрі
Кірдің салынымы (кг)
Хлопок (Мақта мата)
9,0
Синтетика
3,5
Джинсы (Джинс)
3,0
Верхняя одежда (Сыртқы киім)
2,0
Шерсть (Жүн мата)
2,0
Постельное белье (Төсек жабдықтары)
2,0
Кірдің теңгерімі жоқ болса "
UE" ақау коды көрсетіледі, кірді таратып салыңыз. Егер кірдің теңгерімі жоқ
болса, айналдыру тиімділігі азаяды.
Төсек жабдығын немесе төсек жапқыштарды жуғанда, жуу уақыты ұзаруы немесе айналдыру тиімділігі
төмендеуі мүмкін.
Төсек жабдығын немесе төсек жапқыштарын жуғанда, 2,0 кг не одан аз етіп салуды ұсынамыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Төс тартқышты (сумен жуылатын) кір жууға
арналған торға (жеке сатып алу керек) салыңыз.
• Төс тартқыштың темір бөліктері матаны тесіп, оны бүлдіруі
мүмкін. Сондықтан да, оларды киім жууға арналған торға
салуды ұмытпаңыз.
• Нәски, қолғап, беторамал тәрізді кішкене, жеңіл заттар есіктің
арасына қыстырылып қалуы мүмкін. Оларды кір жууға арналған
торға салыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Кір жууға арналған торды кір салмай жумаңыз. Себебі машина қалыптан тыс дірілдеп,
орнынан жылжып, адам жарақат алуы мүмкін.
F500E-03367T-00_KK.indd 30
6/23/2016 2:23:53 PM