Нан пісіруге арналған ингредиенттер, Бидай ұны, Тұтас ұн – Инструкция по эксплуатации Panasonic SD-2501
Страница 40: Қара бидай ұны, Сүт өнімдері, Спельта ұны, Қант, Құрғақ ашытқы, Нан дайындауға арналған қоспаны пайдаланған кезде
78
79
Қа
за
қ
Ұн
Нанның негізгі компонентінде балуыз немесе глютен болады,
(нанның көтерілуіне көмектеседі, оған қаттылық үстейді).
Ұнды таразыда өлшеп алу керек.
Ақ ұн бидайдың қатты сорттарын ұнтақтау
арқылы алынады жəне құрамында ақуыздар
көп болады, олар балуыздың ісінуіне аса
қажет. Түзілген көмірқышқыл газы ашу кезінде
балуыздың тегіс торы арқылы тұтастанады,
сөйтіп ол қамырдың көтерілуіне ықпал етеді.
Бидай ұны
Бидай дəндерін тарту
арқылы алынады. Кебектер
мен ұрықтар қайта өңдеу
процесі кезінде алынып
тасталады.
Нан пісіруге ең қолайлы
ұн – нан пісіруге арналған
деген белгісі бар ұн болып
табылады.
Тұтас ұн
Тұтас ұнды тұтас бидай дəнінен дайындайды,
оған кебектер мен ұрықтар да енеді.
Мұндай ұннан жасалған нан өте пайдалы,
бірақ пісіру кезінде өзге талаптарды қажет
етеді жəне көтерілмейді əрі ауыр болып піседі.
(Басқаша атауы – тұтас дəнді, дəнді, еленбеген.)
Қара бидай ұны
Қара бидай дəндерін тарту арқылы алынады. Қара бидай
ұнында бидай ұнымен салыстырғанда адам ағзасына қажет
темір, магний, калий көбірек болады. Бірақ оның құрамында
глютен аз болады, сондықтан нан тығыз болады əрі онша
көтерілмейді.
Қара бидай нанын пісірген кезде қара бидай ұнын рецептідегі
мөлшерден артық қылып салмаңыз, бұл мотордың қызып
кетуіне əкелуі мүмкін. Рецептілерде қабығы сыдырылған қара
бидай ұны қолданылады.
Нан пісіруге арналған ингредиенттер
Сүт өнімдері
Дəм жəне коректік құндылық береді.
Егер сіз судың орнына сүт қолданатын болсаңыз,
нанның қоректік құндылығы одан да жоғары болады,
бірақ таймерді пайдаланбаңыз, өйткені түнде сүт
ашып кетуі мүмкін.
Судың мөлшерін сүттің мөлшеріне пропорционал
етіп азайтыңыз.
Спельта ұны
Бұл астықтар тұқымынан, бірақ генетикалық түр басқаша болып келеді.
Оның құрамында глютен бар, кейбір глютенге төзе алмайтын адамдар шыдауы мүмкін.
(Дəрігеріңізбен ақылдасыңыз.)
Тегіс/сəл шөккен қабықшасы бар нан жасайды.
Бидай ұнынан жасалған нан спельта ақ ұннан жасалған нанмен салыстырғанда жоғарылау жəне тығыз болады.
Спельта ақ ұнын бүкіл ұнның жартысынан көбіне қосуды ұсынамыз.
Нан пісіруге арналған спельта (Triticum спельта) жəне Einkorm бидайы (Triticum monococcum: ол кіші спельта деп те аталады) нан
пісіруге қолайлы емес, спельта ретінде сатылады. Спельта ұнын қолданыңыз. [10, 11, 21 немесе 22 (SD-2500: 09, 10, 19 немесе 20)
мəзірінде қолданыңыз]
Тұз
Дəмін жақсартып, балуыздың қамырды
көтеретін əсерін күшейтеді.
Дұрыс қолданбаған жағдайда нан мөлшері кішірейіп/
өзінің дəмінен айрылып қалуы мүмкін.
Май
Нанға дəм жəне жұмсақтық береді.
Май немесе маргаринді пайдалануға кеңес беріледі.
Қант
(құм шекер, қоңыр қант, бал, сірне
жəне т.б.)
Ашытқыны қоректендіреді, нанға нанға тəтті дəм
береді, қабығының түсін өзгертеді.
Мейізді немесе құрамында фруктозасы бар басқа да
жемістерді қолданған кезде қантты азырақ салыңыз.
Су
Краннан ағатын кəдімгі суды пайдаланыңыз.
02, 05, 07, 09, 17 немесе 19 (SD-2500: 02, 05, 08 немесе
17) мəзірін салқын бөлмеде қолданған кезде, жылы су
қолданыңыз.
07, 08, 10, 11, 17, 18, 19, 21 немесе 22 (SD-2500: 07, 09, 10,
16, 17, 19 немесе 20) мəзірін ыстық бөлмеде қолданған кезде
салқын су қолданыңыз.
Сұйықтықтарды əрдайым өлшеуіш кесенің көмегімен өлшеңіз
.
Құрғақ ашытқы
Қамырдың көтерілуін қамтамасыз етеді.
Алдын-ала ашытуды қажет етпейтін ашытқыны пайдаланып жатқаныңызға көз жеткізіңіз (пайдалануға дейін
ашытуды қажет ететін жаңа дайындалған ашытқыны немесе құрғақ ашытқыны қолданбаңыз)
Пакетінде ‘тез əсер ететін ашытқылар’ деген жазуы бар ашытқыларды пайдалануға кеңес беріледі.
Пакеттегі ашытқыларды пайдаланған кезде пайдаланып болғаннан кейін дереу пакетті жауып, оны
тоңазытқышта сақтаңыз. (Өндіруші көрсеткен мерзім ішінде ғана пайдаланыңыз)
Нан дайындауға арналған
қоспаны пайдаланған кезде...
Құрамында ашытқысы бар нан пісіруге
арналған қоспалар
Қоспаны нан пісіруге арналған қалыпқа салыңыз,
содан кейін су қосыңыз. (Су мөлшеріне қатысты
пакеттегі нұсқаулықты қадағалаңыз)
02 мəзірін таңдаңыз, Қоспаның көлеміне қарай
мөлшерін таңдаңыз да, пісіруді бастаңыз.
• 600 г – XL • 500 г – L
Кейбір қоспалардан олардың құрамында қанша
ашытқы бар екендігін анықтау мүмкін емес,
сондықтан оңтайлы нəтижелерге жету үшін сынау
жəне қателесу əдістерінен өту талап етіледі.
Ашытқыға арналған бөлек пакеті бар нан
пісіруге арналған қоспа
Алдымен, ашытқыны нан пісіруге арналған қалыпқ
салыңыз, содан кейін құрғақ қоспаны салып, одан
соң су құйыңыз.
Қоспаның құрамына енетін ұнның типіне сəйкес
машинаның жұмысы бағдарламасын белгілеп,
пісіруді бастаңыз.
• Бидай ұны, сұр ұн
01 мəзір
• Тұтас ұн, аралас ұн
04 мəзір
• Қара бидай ұны
07 мəзір
(Тек SD-2501 моделінде)
Сіз нанның дəмін өзге де ингредиенттер қосу
арқылы жақсарта аласыз:
Жұмыртқа
Нанның қоректік құндылығын жəне түсін
жақсартады
(Судың мөлшері пропорционалды түрде
азайтылуы керек).
Жұмыртқаны қосқан кезде оны
ұрғылаңыз.
Кебектер
Нанның құрамында талшықтардың
болуын жоғарылатады.
• Макс. 75 мл қолданыңыз (5 ас қасық).
Бидай ұрықтары
Нанға жаңғақтық дəм үстемелейді.
• Макс. 60 мл қолданыңыз (4 ас қасық).
Дəмдеуіштер
Нанның дəмін жақсартады.
• Оларды аз мөлшерде пайдаланыңыз
(1-2 ас қасық).