Ақаулар жəне оларды жою тəсілдері – Инструкция по эксплуатации Panasonic SD-2501
Страница 51
100
101
Қа
за
қ
Ақаулар жəне оларды жою тəсілдері
Сервистік орталыққа хабарласқанға дейін төменде берілген кестемен танысып алуыңызды сұраймыз.
Ақау
Себептері
жою тəсілдері
Менің наным көтерілмейді
Менің нанымның үсті тегіс
емес
[Барлық нан]
Сіздің ұныңыздағы балуыздың сапасы сəйкес келмейді немесе сіз нан пісіруге арналған
ұнды пайдаланбайсыз (Балуыздың сапасы температураға, ылғалдылыққа, ұнды сақтау
талаптарына, егінді жинау уақытына байланысты өзгеруі мүмкін).
Басқа өндірушінің басқа типтегі ұнын немесе ұнның басқа партиясын алып көріңіз.
Нан сіз сұйықтықты аз қосқандықтан, өте қатты болып шықты.
Құрамында ақуызы көп нан пісіруге арналған ұн суды, басқаларына карағанда, көбірек
сіңіреді, сондықтан қосымша 10-20 мл су қосып көріңіз.
Сіз сəйкес келмейтін ашытқыны пайдаланасыз.
Пакетінде ‘тез əсер ететін ашытқылар’ деген жазуы бар ашытқыларды пайдаланыңыз.
Бұл тип алдын-ала ашытуды қажет етпейді.
Сіз ашытқыны аз салдыңыз немесе сіздің ашытқыңыз көнеріп кеткен.
Қоса берілген өлшеуіш қасықты қолданыңыз. Ашытқының жарамдылық мерзімін
тексеріңіз. (Оны тоңазытқышта сақтаңыз)
Ашытқыға араластырмас бұрын сұйықтық тиіп кеткен.
Сіз ингредиенттерді нұсқаулыққа сəйкес дұрыс тəртіпте салғаныңызды жəне су мен
сұйықтықты ең соңында құйғаныңызды тексеріңіз (82 бет).
Сіз тұзды өте көп салдыңыз немесе қантты жеткіліксіз етіп қостыңыз.
Рецептті тексеріп, қоса берілген өлшеуіш қасықтың көмегімен дұрыс мөлшерін өлшеңіз.
Тұз бен қант басқа ингредиенттерге кірмеуін тексеріңіз.
[Арнайы нан]
Einkorn бидайы арнайы нан пісірген кезде қолданылады жəне/немесе спельта ұнынан
басқа көп ұн қолданылды.
Спельтадан басқа екі түрлі ұн қолданған кезде спельта ұны бүкіл ұн мөлшерінен 60%
астам болуы тиіс. Қара жəне күріш ұны бүкіл ұн мөлшерінен 40% астам болуы тиіс жəне
қарақұмық ұны бүкіл ұн мөлшерінен 20% астам болуы тиіс.
Менің наным өте бос
Сіз ашытқыны шамадан тыс көп салдыңыз.
Рецептті тексеріп, қоса берілген өлшеуіш қасықтың көмегімен дұрыс мөлшерін өлшеңіз.
Сіз сұйықтықты өте көп қостыңыз.
Ұнның кейбір түрлері басқаларына қарағанда суды көбірек сіңіріп алады, судың
мөлшерін 10-20 мл-ге азайтып көріңіз
Менің наным көтерілгеннен
кейін қайта түсіп кеткен
Сіздің ұныңыздың сапасы қанағаттанарлықсыз.
Басқа өндірушінің ұнын алып көріңіз.
Сіз сұйықтықты өте көп қолдандыңыз.
Судың мөлшерін 10-20 мл-ге азайтып көріңіз.
Менің наным өте қатты
көтерілді.
Сіз ашытқының/судың мөлшерін шамадан тыс көп қолданасыз.
Рецептті тексеріп, қоса берілген өлшеуіш қасықтың (ашытқыны)/кесенің (суды)
көмегімен дұрыс мөлшерін өлшеңіз.
Судың артық мөлшері басқа ингредиенттерден түспеуін тексеріңіз.
Сіздің ұныңыз аз.
Ұнды таразының көмегімен мұқият өлшеп алыңыз.
Неге нан ақшыл жəне
жабысқақ болып шықты?
Сіз ашытқыны жеткіліксіз мөлшерде қолданасыз немесе сіздің ашытқыңыз - көне.
Қоса берілген өлшеуіш қасықты пайдаланыңыз. Ашытқының жарамдылық мерзімін
тексеріңіз. (Оны тоңазытқышта сақтаңыз)
Электр қуатын беруде іркіліс пайда болды немесе нан пісіру уақытында машина
тоқтатылды.
Егер машина он минуттан артық уақытқа тоқтатылған болса, онда ол сөнеді.
Сізге нанды қалыптан алу жəне жаңа ингредиенттермен циклді қайта іске қосу қажет.
Менің нанымның қабығында
ұн қалып қойды.
Сіз тым көп ұн қолдандыңыз немесе сізде сұйықтық аз.
Рецептіні тексеріңіз жəне ұнның дұрыс мөлшерін таразының көмегімен немесе
сұйықтықты комплектіге кіретін сұйықтықтарға арналған өлшемдік кесенің көмегімен
өлшеңіз.
Күтім жəне тазалау
Күйіп кетуге қарсы жабынды қорғау үшін
Нанға арналған қалыпқа жəне араластыруға арналған қалақшаға дақтардың пайда болуының алдын алатын
жəне нанды суырып алуды жеңілдететін күюге қарсы жабын жабылған.
Оның зақымдалуын болдырмас үшін төменде берілген нұсқаулықты орындаңыз.
• Нанды қалыптан алып шығып жатқан кезде қатты заттарды, мысалы, пышақты немесе шанышқыны
пайдаланбаңыз.
Нанды нан салғыштан шығаруда қиыншылықтар туындаса, 103-бетті қараңыз.
• Көмеш нанды кесерден бұрын оның ішінде араластыруға арналған қалақшаның жоқ екендігіне көз жеткізіп
алыңыз. Егер қалақша ішінде болса, ол суығанша күтіп, оны суырып алыңыз.
(қатты немесе өткіз құралдар, мысалы, пышақ, шанышқыны қолданбаңыз).
Күйіп қалмас үшін абай болыңыз, өйткені араластыруға арналған қалақша əлі де ыстық болуы мүмкін.
• Нанға арналған қалыпты жəне араластыруға арналған қалақшаны тазалаған кезде жұмсақ губғаны
пайдаланыңыз. Қандай-да бір абразивті, мəселен, тазартатын ұнтақтарды немесе қатты губкаларды
қолданбаңыз.
Қатты, ірі дəнді ингредиенттер, мысалы, еленбеген ұн, қант немесе жаңғақтар мен дəндер қоспалары нанға арналған қалыптың
күюге қарсы жабынын зақымдауы мүмкін. Ингредиенттердің көп мөлшерін қолданған кезде оларда кішігірім бөліктерге бөліп
алыңыз. Рецептілерде көрсетілген, кеңес берілген мөлшерді қадағалаңыз.
Диспенсердің қақпағы
(Тек SD-2501 моделінде)
Суырып алып, оны сумен жуыңыз
Диспенсердің қақпағын бұрышы шамамен 75 градус бұрыш болатындай етіп көтеріңіз.
Қосылыстарды теңестіріп, оларды алу үшін өзіңізге қарай тартыңыз немесе абайлап сол бұрыштың
астында бекіту үшін басыңыз (алдымен машина салқындағанға дейін күте тұрыңыз: қолданғаннан
кейін бірден ол ыстық болады).
Абай болыңыз жəне тығыздықтарды зақымдап алмаңыз (зақымдау будың шығып кетуіне, конденсацияға
немесе деформацияға алып келуі мүмкін).
Мейіз, жаңғақ салғышы.
(Тек SD-2501 моделінде)
Суырып алыңыз жəне сумен жуыңыз
Оны əр пайдаланғаннан кейін қалдықтары
қалмас үшін жуып отырыңыз.
Мөр