Қосылымдар – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F5500
Страница 54
8
Қосылымдар
Теледидарға жалғау
Өнімнің HDMI OUT ұясын HDMI кабелі (жинақпен бірге берілмейді) арқылы теледидардың
HDMI IN ұясына жалғаңыз.
- Барлық байланыстарды қосып болғанша қуат сымын розеткаға қоспаңыз.
- Байланыстарды ауыстырған кезде, бастамай тұрып барлық құрылғыларды өшіріңіз.
Бейне
Дыбыс
✎
ЕСКЕРТПЕ
` Бейнелеу құрылғысын жалғау үшін HDMI-DVI кабелі қолданылса, дыбысты есту үшін дыбыс жүйесіне
ойнатқыштағы Digital Audio Out ұясын да жалғау керек.
` HDMI кабелі сандық бейне және дыбыс сигналын шығарады, сондықтан дыбыс кабелін жалғаудың қажеті жоқ.
` Теледидар түріне байланысты, кейбір HDMI шығыс ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін. Теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
` Ойнатқышты теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғап немесе жаңа теледидарға жалғап, алғаш рет қосқан кезде,
ойнатқыш HDMI шығыс ажыратымдылығын теледидар қолдайтын ең жоғары деңгейге автоматты түрде орнатады.
` HDMI кабелі ұзын болса, экранда кедергі пайда болуы мүмкін. Егер бұл орын алса, мәзірде HDMI терең түс
мүмкіндігін Өшіру мәніне орнатыңыз.
` Бейнелерді HDMI 720p, 1080i немесе 1080p шығыс режимінде қарау үшін жоғары жылдамдықты (2-санат)
HDMI кабелін пайдалану қажет.
` HDMI теледидарға тек таза сандық сигнал шығарады.
Теледидар HDCP (High-bandwidth Digital Content Protection) функциясын қолдамаса, экранда кездейсоқ шуыл
пайда болады.
Дыбыс жүйесіне жалғау
Blu-ray ойнатқышын төменде көрсетілген әдістерді қолдану арқылы дыбыс жүйесіне
жалғауға болады.
- Барлық байланыстарды қосып болғанша қуат сымын розеткаға қоспаңыз.
- Байланыстарды ауыстырған кезде, бастамай тұрып барлық құрылғыларды өшіріңіз.
1-әдіс HDMI пішімін қолдайтын AV ресиверге жалғау
• Өнімнің HDMI OUT ұясын HDMI кабелі (жинақпен бірге берілмейді) арқылы ресивердің
HDMI IN ұясына жалғаңыз.
• Ең жоғары сапа (ұсынылады)
2-әдіс Dolby Digital немесе DTS декодері бар AV ресиверіне жалғау
• Сандық коаксиалды кабельді (бірге берілмейді) қолдана отырып, өнімдегі Coaxial Digital
Audio Out ұясын ресивердегі Digital Coaxial In ұясына жалғаңыз.
• Жақсы сапа
• Сандық шығыс параметрі PCM мәніне орнатылған кезде дыбыс тек алдыңғы екі динамик
арқылы естіледі.
Бейне
Бейне
2-әдіс
1-әдіс