Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F5500
Страница 65
19
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМІ
Дыбыс жоқ.
• Дыбыс опциялары мәзірінен «Цифровой выход» параметрі дұрыс таңдалғанын
тексеріңіз.
Экран бос.
• HDMI шығыс сигналының параметрі теледидар қолдамайтын ажыратымдылыққа
орнатылғанда (мысалы, 1080p), теледидарда сурет көрсетілмеуі мүмкін.
• Дискті салмастан, @ үймесін (алдыңғы панельде) 5 секундтан артық басып
тұрыңыз. Параметрлердің барлығы зауыттық мәндерге қайтарылады.
• Зауыттық әдепкі параметрлер қалпына келтірілгенде, пайдаланушының сақталған
бүкіл BD деректері жойылады
PIN кодты ұмыту
• Дискті салмастан, @ түймесін (алдыңғы панельде) 5 секундтан артық басып
тұрыңыз. Барлық параметрлердің, оның ішінде кілтсөздердің, зауыттық мәндері
қалпына келеді.
Мұны аса қажетті жағдайда ғана қолданыңыз.
• Зауыттық әдепкі параметрлер қалпына келтірілгенде, пайдаланушының сақталған
бүкіл BD деректері жойылады
Бейне дірілдейді немесе шуы
бар
• Диск бетінің кірленбегенін немесе сызылмағанын тексеріңіз.
• Дискіні тазалаңыз.
HDMI шығыс сигналы жоқ
• Ойнатқыштың HDMI ұяшығы мен теледидар арасындағы байланысты тексеріңіз.
• Теледидар HDMI 576p/480p, 720p, 1080i немесе 1080p ажыратымдылығын
қолдайтынын тексеріңіз.
HDMI шығысының экраны
қалыптан тыс.
• Экранда кездейсоқ шулар пайда болса, теледидар HDCP (Кең жолақты сандық
мазмұнның қорғауы) қолдамайтынын көрсетеді.
Басқа ақаулықтарға тап
болғанда.
• Мазмұнға өтіп, пайдаланушы нұсқаулығының туындаған мәселені түсіндіретін
бөлімін тауып алып, процедураны қайта орындаңыз.
• Егер мәселе шешілмесе, ең жақын орналасқан Samsung өкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
DLNA функциясы
DLNA функциясы арқылы
бөліскен қалталарды көре
аламын, бірақ файлдарды көре
алмаймын.
• DLNA функциясы тек бейне, фотосурет және музыка файлдарын көрсетеді. Басқа
файл түрлері көрсетілмейді.
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМІ
Бейне тоқтап-тоқтап
ойнатылады.
• Желінің тұрақты екенін тексеріңіз.
• Желі кабелінің жақсы жалғанғанын және желінің шамадан тыс жүктелмегенін
тексеріңіз.
Ойнатқыш пен компьютер
арасындағы DLNA байланысы
тұрақсыз.
• Сол ішкі желідегі IP мекенжайы бірегей болуы тиіс.
Олай болмаса, осы жағдайды IP кедергісі туғызуы мүмкін.
• Брандмауэрдың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Қосылған болса, брандмауэр функциясын ажыратыңыз.
BD-LIVE
BD-LIVE серверіне қосылу
мүмкін емес.
• Желі күйі функциясын пайдаланып желілік байланыс сәтті екенін тексеріңіз.
• USB жад құрылғысының ойнатқышқа қосылып тұрғанын тексеріңіз.
• BD-LIVE қызметін орнату үшін, жад құрылғысында кемінде 1 ГБ бос орын болуы
керек service.
Бос орынды «Управл. BD-данными» ішінде тексеруге болады.
• «Интернет соединение BD-Live» параметрі «Разрешено (всем)» деп орнатылғанын
тексеріңіз.
• Жоғарылардың ешқайсысы көмектеспесе, мазмұн провайдеріне хабарласыңыз
немесе ойнатқыштың микробағдарламасын жаңартыңыз.
BD-LIVE қызметін
пайдаланғанда қате орын
алады.
• BD-LIVE қызметін орнату үшін, жад құрылғысында кемінде 1 ГБ бос орын болуы
керек service.
Бос орынды «Управл. BD-данными» ішінде тексеруге болады.
✎
ЕСКЕРТПЕ
\
Зауыттық әдепкі параметрлер қалпына келтірілгенде, пайдаланушының сақталған бүкіл BD деректері жойылады.
Жөндеу жұмыстары
Ойнатқышты жөндету мақсатымен бізге хабарласу керек болса, төмендегі жағдайлардың
біреуі орын алғанда әкімшілік ақысы алынуы мүмкін. Бұлар :
1. сұрауыңыз бойынша үйіңізге техникалық маман келіп, өнімде ақаулық таппаса.
2. өнімді жөндеу орталығына әкелгеніңізде өнімде ақаулық табылмаса.
Үйіңізге келмес немесе ойнатқышпен кез келген жұмысты бастамас бұрын, әкімшілік ақының
мөлшерін береміз.
Ойнатқышты жөндетпес бұрын, осы нұсқаулықты мұқият оқуды, шешімді www.samsung.com
сайтынан іздеуді немесе Samsung тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласуды
ұсынамыз.