Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F5500

Страница 55

Advertising
background image

9

Желілік маршрутизаторға жалғау

Төменде көрсетілген әдістердің бірін пайдалану арқылы ойнатқышты желілік

маршрутизаторға жалғауға болады.

DLNA желілік функциясын қолдану үшін, компьютерді желіге суреттердегідей жалғау керек.

Сымды желі

Кең жолақты

байланыс қызметі

Кең жолақты

байланыс қызметі

Кең жолақты байланыс модемі

(маршрутизаторы ішіне орнатылған)

Кең жолақты

байланыс модемі

Маршрутизатор

Немесе

ЕСКЕРТПЕ

` Қолданылатын маршрутизаторға немесе Интернет провайдерінің саясатына байланысты, Samsung компаниясы шығарған

бағдарламалық құрал жаңартуларының серверіне Интернет арқылы кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу

үшін Интернет провайдеріне хабарласыңыз.

` DSL пайдаланушылары желіге қосылу үшін маршрутизаторды қолдануы қажет.

Параметрлер

Бастапқы параметрлерді орнату

процедурасы

• Бастапқы параметрлерді орнату процедурасы.

• Бағдарламалық құралдың нұсқасын жаңартқаннан

кейін, ойнатқыштың экрандық мәзірі өзгеруі мүмкін.

• Таңдалған мәзірге қарай кіру қадамдары әртүрлі

болуы мүмкін.

• Осы өнімді жүктеу процесі аяқталғаннан кейін,

Тақта түймелерін және қашықтан басқару құралын

пайдалануға болады.

Бастапқы параметрлер процедурасы экран

мәзірінің және мәзірдің тілдерін орнатуға, үй

желісіне байланысты реттеуге, теледидар үшін

дұрыс кадр форматын (экран өлшемі және формат)

таңдауға мүмкіндік береді.

ЕСКЕРТПЕ

` Бастапқы параметрлер реттелмесе, негізгі мәзір

көрсетілмейді.

` Желіні реттеу кезінде КӨК(D) түймесі басылса,

желіні реттеу жұмысы аяқталмаған болса да,

негізгі мәзірге өтуге болады.

` Негізгі мәзірге қайтқанда толық экранды режим

автоматты түрде өшеді.

` Өзгерістер енгізу мақсатында Начальная настройка

экранын қайта көрсету үшін, өнімге диск

салмастан, алдыңғы панеліндегі @ түймесін 5

секундтан артық басып тұрыңыз. Бұл ойнатқышты

әдепкі параметрлеріне қайтарады.

` Осы өнімді жүктеу процесі аяқталғаннан кейін,

HDMI-CEC функциясын пайдалана аласыз.

` Anynet+(HDMI-CEC) функциясын пайдаланғыңыз

келсе, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

1) Ойнатқышты Anynet+(HDMI-CEC) функциясымен

үйлесімді Samsung теледидарына HDMI кабелі

арқылы жалғаңыз.

2) Теледидар мен ойнатқыштағы Anynet+(HDMI-

CEC) мүмкіндіктерін «Қосулы» күйіне қойыңыз.

3) Теледидарды «Бастапқы параметрлер

процедурасы» параметріне қойыңыз.

` Өнім тоқтату режимінде еш қолданбастан 5

минуттан артық тұрған жағдайда, теледидардың

экранында экран қорғауышы пайда болады. Өнім

экран қорғауышы режимінде 25 минуттан артық

тұрса, электр қуаты автоматты түрде ажыратылады.

Мәзірдің ішінде жылжу

1

2

4

3

1

HOME түймесі: негізгі мәзірге өту үшін басыңыз.

2

RETURN (Қайту) түймесі: алдыңғы мәзірге қайтарады.

3

v

ЕНГІЗУ/ БАҒЫТ түймесі: меңзерді

жылжытады немесе элементті таңдайды;

таңдалып тұрған элементті іске қосады;

параметрді растайды.

4

EXIT (Шығу) түймесі: ағымдағы мәзірден шығу

үшін басыңыз.

Advertising