Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F5500
Страница 60
14
Управл. BD-данными
BD-LIVE қызметін қолдайтын Blu-ray дискісі
арқылы табылған және жалғанған флеш-жад
құрылғысында сақталған жүктеп алынған
мазмұнды басқаруға мүмкіндік береді.
Құрылғы туралы ақпаратты, соның ішінде
сақтау көлемін тексеруге, BD деректерін
жоюға немесе жад құрылғысын өзгертуге
болады.
✎
ЕСКЕРТПЕ
` Сыртқы жадтан ойнатылғанда, USB құрылғысын
ойнату барысында ажыратса, ойнату тоқтайды.
` Ойнатқыш FAT16, FAT32 және NTFS файл
жүйелерін қолдайды. Оқу/жазу жылдамдығы 4
МБ/с немесе одан жоғары USB 2.0 протоколын
қолдайтын USB құрылғыларын пайдалану кеңесі
беріледі.
` Сақтау құрылғысын пішімдегеннен кейін Ойнатуды
жалғастыру функциясы жұмыс істемеуі мүмкін.
` Жағдайларға қарай, BD деректерін басқарудың
жалпы көлемі басқаша болуы мүмкін.
DivX®-видео по заказу
DivX® VOD мазмұнын сатып алу және
ойнату үшін, DivX® VOD тіркеу коды
параметрін көріңіз.
Язык
Негізгі мәзір, диск мәзірі, т.б. үшін өзіңізге
керекті тілді таңдауға болады.
✎
ЕСКЕРТПЕ
` Таңдалған тіл дискіде оған қолдау бар болса ғана
көрсетіледі.
Безопасность
Бұл мәзірді алғаш рет пайдаланғанда кілтсөзді
орнату экраны көрсетіледі.
Санды түймелерді пайдаланып, қалаған 4
санды кілтсөзді енгізіңіз. (Әдепкі кілтсөз: 0000)
Родит. ограничения BD
Құпия сөз енгізілмесе, арнайы жас рейтингті
Blu-ray дискілерін ойнатпайды.
Родит. ограничения DVD
Бұл функция мазмұнның жас шектеулері бойынша
деңгейін көрсететін жас рейтингі немесе сандық
рейтингі тағайындалған DVD дискілерімен біріге
отырып жұмыс істейді. Бұл сандар отбасыңыз
көретін DVD дискілерінің түрлерін қадағалауға
көмектеседі.
Жоғары нөмір бағдарламаның тек ересек
адамдарға арналғанын білдіреді. Рейтинг
нөмірін таңдағанда, өнім ойнататын ең жоғары
рейтинг нөмірін таңдау керек. Мысалы, 6-деңгей
таңдалғанда, өнім 6 және одан төмен деңгейдегі
дискілерді ойнатады, 7 немесе 8 деңгейдегі
дискілерді ойнатпайды.
Изменeниe PIN
Қауіпсіздік функцияларына кіру үшін
пайдаланылатын 4 санды құпия сөзді өзгертеді.
Құпия сөзді ұмытып қалған жағдайда
1. Дискіні шығарыңыз.
2. Алдыңғы панельдегі @ түймесін 5 секунд
немесе одан артық басып тұрыңыз.
Параметрлердің барлығы зауыттық
параметрлерге қайтарылады.
✎
ЕСКЕРТПЕ
` Зауыт параметрлері қалпына келтірілгенде,
пайдаланушының сақталған бүкіл BD деректері
жойылады
.
Общее
Часовой пояс
Аймаққа сәйкес сағат белдеуін көрсетуге
болады.
Поддержка
Обновление ПО
«Обновление ПО» мәзірі жұмысты жақсарту
және қосымша қызметтер алу мақсатында
ойнатқыштың бағдарламалық құралын
жаңартуға мүмкіндік береді.
По сети
Интернет арқылы жаңарту үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. По сети параметрін таңдап v
түймесін басыңыз. «Серверге
байланысуда» хабары пайда болады.
2. Жаңарту бар болса, қалқымалы хабар
пайда болады.
3.
Иә жауабын таңдасаңыз, жүктеу
процесі басталады. (Жаңарту кезінде
ойнатқышты ешқашан қоспаңыз.)
4.
Жаңарту аяқталған кезде, ойнатқыш
автоматты түрде қайта іске қосылады.
✎
ЕСКЕРТПЕ
` Өнім қайта қосылудан кейін сөнгенде жаңарту аяқталады.
POWER түймесін басу арқылы жаңартылған өнімді
қосыңыз.
` Жаңарту барысында өнімді қолмен сөндіруге немесе
қосуға болмайды.
` Samsung Electronics корпорациясы бағдарламалық
құралдың жаңартылуы барысындағы тұрақсыз Интернет
байланысы немесе пайдаланушы немқұрайдылығы
нәтижесінде орын алған ойнатқыштың ақаулары үшін
жауап бермейді.
` По сети ұясы арқылы бағдарламалық құралды
жаңартқанда, бұйымға ешқандай диск енгізбеу керек.
ПО USB
USB арқылы жаңарту үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Samsung.com веб-торабына кіріңіз.
2. Компьютерге ең соңғы USB
бағдарламалық құрал жаңартуының
zip мұрағатын жүктеп алыңыз.
3. Қысылған файлды компьютерде
шығарыңыз. Атауы қысылған файлмен
бірдей жалғыз RUF файлы ғана болу
керек.
4. RUF файлын USB флэш-жадына көшіріңіз.
5. Ойнатқышқа диск салынбағанын тексеріп,
USB ұясына USB флэш-жадын салыңыз.
6. Ойнатқыштың мәзірінде Настройки
> Поддержка > Обновление ПО
тармағына өтіңіз.
7. По USB параметрін таңдаңыз.
✎
ЕСКЕРТПЕ
` USB хост ұясы арқылы бағдарламалық құралды
жаңартқанда, бұйымға ешқандай диск енгізбеу керек.
` Бағдарламалық құралды жаңарту үрдісі аяқталғанда,
Жаңарту мәзірінен бағдарламалық құрал жайлы
ақпаратты қарап алыңыз.
` Бағдарламалық құрал жаңартылып жатқанда,
ойнатқышты өшірмеңіз. Ойнатқыш бұзылып қалуы
мүмкін.
` USB басты ұясын пайдалану арқылы бағдарламалық
құралдарды жаңарту тек USB жад құрылғысымен
ғана орындалуы тиіс.