Инструкция по эксплуатации Samsung BD-F5500

Страница 66

Advertising
background image

20

Сәйкестік және үйлесімділік ескертуі

Дискілердің барлығы үйлесе бермейді.

• Төменде сипатталған және осы нұсқаулықта ескерілген, оның ішінде осы нұсқаулықтың

диск түрі мен қасиеттері бөлімінде аталған шектеулер бойынша ойнатылатын диск түрлері

мынадай: алдын ала жазылған коммерциялық BD-ROM, DVD-VIDEO және Audio CD (CD-DA)

дискілер; BD-RE/-R, DVD-RW/-R дискілері; CD-RW/-R дискілері.

• Жоғарыда келтірілгендерден өзге дискілер осы өнімде ойнатылмайды және/немесе ойнатуға

арналмаған. Жоғарыда келтірілген дискілердің кейбіреуі төменде берілген себептерге

байланысты ойнатылмауы мүмкін.

• Samsung компаниясы осы өнімнің BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R,

DVD+RW/+R and CD-RW/-R белгілері бар барлық дискілерді ойнататына кепілдік бермейді,

сондай-ақ осы өнім барлық басқару пәрмендеріне жауап бермеуі немесе әр дискідегі

мүмкіндіктерді пайдаланбауы да мүмкін. Жаңа және қолданыстағы пішімде болатын дискілерін

пайдаланғанда дискінің осы және өзге үйлесімдік мәселелері және өнімнің жұмыс атқару

мәселелері туындауы мүмкін, себебі:

- Blu-ray – жаңа және дамытылып келе жатқан пішім және осы өнім Blu-ray дискілерінің

барлық мүмкіндіктерін пайдаланбауы мүмкін, себебі кейбір мүмкіндіктер қосымша болады,

кейбір мүмкіндіктер Blu-ray дискісіне өнім жасалғаннан кейін қосылған болуы мүмкін,

сондай-ақ кейбір мүмкіндіктер кейіннен қолжетімді болады.

- осы өнім жаңа және қолданыстағы дискілердің пішім нұсқаларының барлығын қолдамайды;

- жаңа және қолданыстағы диск пішімдері қайта өңделген, өзгертілген, жаңартылған,

жетілдірілген және/немесе толықтырылған болуы мүмкін;

- кейбір дискілер ойнату барысында арнайы немесе шектеулі әрекет яки мүмкіндікке жол

беретін етіп шығарылады.

- BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+R және CD-RW/-R белгілері бар

кейбір дискілер әлі де болса стандартқа кірмейтін дискілер болуы мүмкін;

- кейбір дискілер физикалық күйіне немесе жазу жағдайларына байланысты ойнатылмауы

мүмкін;

- Blu-ray дискілері, DVD бағдарламалық құралдың және/немесе дискілердің жасалуы

барысында ақаулықтар мен қателер туындауы мүмкін;

- осы өнім стандартты DVD өнімімен немесе өзге AV жабдықпен салыстырғанда өзгеше

жұмыс істейді.

- осы нұсқаулық бойынша байқалған және SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығымен

анықталып, жіберілген себептер үшін.

• Егер диск үйлесімділігі немесе ойнатқыштың жұмыс істеуі бойынша туындаған

мәселелерге тап болсаңыз, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына

хабарласыңыз.

Сондай-ақ, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына осы ойнатқыштың

ықтимал жаңартулары үшін де хабарласуыңызға болады.

• Ойнатуға қойылатын шектеулер мен диск үйлесімділігі жөнінде қосымша ақпарат

үшін осы нұсқаулықтың Ескертулер, Пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын,

Диск түрлері мен сипаттары, Ойнатпас бұрын бөлімдерін қараңыз.

• Blu-ray дискісінің ойнатқыштары үшін прогрессивті сканерлеу шығысы : ТҰТЫНУШЫЛАР

АЙҚЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ТЕЛЕДИДАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ОСЫ өніммен ТОЛЫҚ ҮЙЛЕСПЕЙТІНІН

ЖӘНЕ ОСЫҒАН ОРАЙ БЕЙНЕНІҢ БҰРМАЛАНУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН ЕСКЕРУІ ҚАЖЕТ. ПРОГРЕССИВТІ

СКАНЕРЛЕУ БАРЫСЫНДА БЕЙНЕДЕ АҚАУЛЫҚТАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ

БАЙЛАНЫСТЫ «СТАНДАРТТЫ АЙҚЫНДЫҚ» ШЫҒЫС СИГНАЛЫНА АУЫСТЫРҒАНЫ ЖӨН.

ТЕЛЕДИДАР МЕН ОСЫ ӨНІМНІҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ САУАЛДАРЫҢЫЗ БОЛҒАН

ЖАҒДАЙДА, БІЗДІҢ ТҰТЫНУШЫНЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

Техникалық сипаттар

Жалпы

Салмағы

1.2 Kg

Өлшемдері

360 (W) X 196 (D) X 39 (H) mm

Жұмыс температурасының ауқымы

+5°C to +35°C

Жұмыс орнының ылғалдылық ауқымы

10 % to 75 %

USB

A түрі

USB 2.0

Тұрақты ток шығысы

5V 0.5A Max.

HDMI

Бейне

2D: 1080p, 1080i, 720p, 576p/480p

3D: 1080p, 720p

Звук

ИКМ, бит ағыны

Дыбыстың

шығыс сигналы

Сандық дыбыстың шығыс сигналы

Коаксиалды

Желі

Ethernet

100BASE - TX ұясы

- 10 Мбит/с тең немесе төмен желі жылдамдықтарына қолдау көрсетілмейді.

- Өнімнің түрі мен техникалық сипаттары алдын ала ескертусіз өзгеруге жатады.

- Қуат және оны тұтыну туралы ақпарат алу үшін ойнатқыштағы жапсырманы қараңыз.

- Салмағы мен өлшемдері шамалап алынған.

Advertising