Қауіпсіздік жөніндегі маңызды нұсқаулар, Ескерту – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZM21M0

Страница 123

Advertising
background image

EMM21150

KZ

123

Қауіпсіздік жөніндегі маңызды нұсқаулар.

МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ ДА, БОЛАШАҚТА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ

• Кіріктірілген қорғаныс құрсауының

ажыратқышы микротолқынды пештің есігі ашық

тұрғанда, оның жұмыс істеуіне жол бермейді.

• Оларға тиіспеңіз, және пештің есігі ашық

тұрғанда, оны жұмысқа қосуға әрекет

жасамаңыз, себебі микротолқынды қуаттың

әсеріне ұшырауыңыз мүмкін.

• Есіктің тығыздағыш беткі қабаттарына

тағамның шашырауына немесе тазартқыш зат

қалдығының жиналуына жол бермеңіз. Тазалау

бойынша нұсқауларды Тазалау және күтіп

ұстау тарауынан қараңыз.

• Пештің есігінің дұрыс жабылуының және

төмендегілерге зақым келмеуінің ерекше

маңызы бар: (1) есік (жапырылған), (2)

топсалар мен ысырмалар (сынған немесе

осал), (3) есік тығыздағыштары мен

тығыздағыш беткі қабаттар.

ЕСКЕРТУ

:

Егер есік, топсалар/

ысырмалар немесе есік тығыздағыштары

зақымданған болса, микротолқынды пешті

уәкілетті техникалық маман жөндегенше,

оны жұмысқа қосуға болмайды.

ЕСКЕРТУ

: Өндірісте оқып-үйренген

қызмет көрсетуші мамандардан басқа

адамдар үшін осы пешті жөндеу немесе

әлденеге бейімдеу қатерлі болады. Егер

оны жөндеу қажет болса, жақын жердегі

уәкілетті қызмет орнының өкіліне

хабарласыңыз.

Сыртқы корпусын, есігін немесе басқару

панелін ешқашан да ағытып алмаңыз.

Себебі асқын кернеудің қатерлі әсеріне

ұшырауыңыз мүмкін.

• Осы пешті тек осы нұсқаулықта берілген

“орнату жөніндегі нұсқауларға” сәйкес

орнатыңыз немесе орналастырыңыз.

• Құрылғыны осы нұсқаулықта суреттелген

мақсатта ғана пайдаланыңыз. Құрылғы ішінде

жеміргіш химиялық заттарды пайдаланбаңыз.

Пештің бұл түрі тағамды жылыту, пісіру немесе

жібіту үшін арнайы жасалған. Пеш өнеркәсіпте

немесе зертханада пайдалану үшін немесе

коммерциялық мақсатта пайдалану үшін

жасалмаған, себебі бұл кепілдікті заңды

күшінен айырады.

• Бос тұрған пешті жұмысқа қоспаңыз. Пеш

ішінде микротолқын қуатын сіңіретін тағам

немесе су болмаса, магнетронды түтік бүлінуі

мүмкін.

• Бұл құрылғыны далада сақтамаңыз. Бұл

құрылғыны судың жанында пайдаланбаңыз.

• Микротолқынды пештің ішінде киім-кешекті

немесе газеттерді кептіруге әрекет жасамаңыз.

Мұндай заттар тұтануы мүмкін.

• Пештің ішін зат сақтау үшін пайдаланбаңыз.

Іске қосылмай тұрған пештің ішіне қағаз

заттарды, ас үй жабдығын немесе тағамды

қалдырмаңыз.

• Пеш жұмыс істеп тұрған кезде оның беткі

қабаттарының температурасы өте жоғары

болуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ

:

Егер түтін шыққаны байқалса,

құрылғыны сөндіріңіз немесе оны электр

желісінен ағытыңыз, ал жалын шыққаны

байқалса оны басу үшін есікті ашпаңыз.

Суды ешқашан пайдаланбаңыз.

ЕСКЕРТУ

: Балалар немесе мүгедек

адамдар микротолқынды пешті

қауіпсіз жолмен пайдалана алатын

және дұрыс қолданбаудың қатерін

түсінетін етіп, оларға тиісінше

нұсқаулар берілген жағдайда ғана,

ересектердің қадағалауынсыз олардың

микротолқынды пешті пайдалануына

рұқсат беріңіз.

Жабдықтың қауіпсіздігі

• Тек микротолқынды пеште пайдалану үшін

жарамды жабдықты ғана пайдаланыңыз.

• Шыны, шыны керамикалық және отқа

төзімді шыны ыдыс-аяқтың көпшілігі

микротолқынды пеште пайдалануға тамаша

жарайды. Микротолқын қуаты шыны мен

керамикадан жасалған заттардың көпшілігін

қыздырмағанымен де, тағамның қызуы ыдысқа

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: