Инструкция по эксплуатации Zanussi ZM21M0

Страница 135

Advertising
background image

EMM21150

KZ

135

Микротолқынды пешке

қатысты кеңестер

Микротолқынды пешке

қатысты ақыл-кеңес

• Пешті әрқашан таза ұстаңыз – үстіне ештеңе

төкпеңіз және шыны науа мен есіктің ішкі жағын

тазалауды ұмытпаңыз.

• Микротолқынды пеште пісірген кезде қақпағы

бар дөңгелек немесе сопақ кәстрөлдерді

пайдалануға тырысыңыз.

• Металдан жасалған немесе металмен әрленген

кәстрөлдерді пайдаланбаңыз. Кейбір пластик

материалдар еріп кетіп, тыртысып қалуы

мүмкін.

• Пісіп жатқан тамақтың бетін жауып қойыңыз.

Шыны қақпақ, тәрелке немесе майлы сынама

қағазды пайдаланыңыз.

• Тәтті нан, нан және сол сияқты өнімдерді

тікелей нан себетте немесе қағаз сүлгіде

жібітуге болады.

• Егер мұздатылған тағам өзінің орамында

жылытылатын болса, орамын ашу керек.

Егер металл ыдыс-аяқ пен металмен әрленген

орамды микротолқынды пеште қолдануға

болатыны арнайы көрсетілмесе, оны бұл пеште

қолдануға болмайды. Металл қапсырмалар

мен орам сымдарын алып тастаңыз.

• Тауықтың сан еті сияқты тез пісетін тағамды

жабу үшін алюминий қағаздың кішірек

бөліктерін пайдалануға болады.

• Қабығы мен терісі бар тағамды, мысалы,

картопты немесе шұжықты шанышқымен

тесу керек. Микротолқынды пеште жұмыртқа

пісірмеңіз, себебі ол жарылып кетуі мүмкін.

• Үлкен әрі жуан кесектерді кәстрөлдің шетіне

қарай салыңыз, және тамақты біркелкі

бөліктерге бөлуге тырысыңыз. Тағамды

әрқашан да пештің ортасына қойыңыз.

• Тамақты мезгіл-мезгіл араластырып немесе

аударыстырып отырсаңыз, ол біркелкі піседі.

• Тамақ күйіп немесе езіліп кетпес үшін, рецепте

көрсетілген уақыттан сәл азырақ уақытты

орнатыңыз. Тағамның мөлшері неғұрлым көп

болса, солғұрлым ұзақ піседі.

• Көкөніске суды аз қосыңыз немесе мүлде

қоспаңыз.

• Тұз бен дәмдеуіштерді “әдеттегіге” қарағанда

азырақ қосыңыз.

• Тұздықты соңынан қосыңыз.
• Тамақ әбден әрі біркелкі пәсуі үшін, пешті

өшіргеннен кейін тамақты бірнеше минут

қалдыра тұрыңыз.

Балды жібіту

Егер сізде қалбырдағы қантталып

түйіршіктелген бал болса, қалбырдың

қақпағын алыңыз да, пештің ішіне қойыңыз,

орташа қуатпен 2 минуттай жібітіңіз.

Шоколадты еріту

100 г шоколадты текшелеп бөліңіз, шараға

салыңыз да, жоғары қуатпен 1-2 минуттай

қыздырып, жақсылап аралстырыңыз.

Сары майды жібіту немесе еріту

Жібітуге жоғары қуатпен бірнеше

секунд кетеді. Жібіту үшін төмен қуатты

пайдаланған жақсы.

Нанды жұмсарту немесе жылыту

Бірнеше секунд орташа қуатты

пайдаланыңыз.

Сарымсақтың қабығын оңай аршу

Сарымсақтың 3-4 түйірін жоғары қуатпен

15 секунд қыздырыңыз. Түйірі атып

шыққанша бір шетінен қысыңыз.

Жеміс шырыны

Цитрус жемісін сығар алдында жоғары

қуатпен 15 секунд қыздырып алса, көбірек

шырын береді.

Ботқа пісіру

Ботқаны артық ыдыс жумастан-ақ өз

ыдысында пісіре беруге болады. Тағам

өндірушінің ұсыныстарына сүйеніңіз.

• Тағамды дастарқанға әрқашан да буы

бұрқыраған ыстық күйінде тартыңыз.

• Пештен ыдыс пен тамақты алған кезде

ұстағышпен ұстаңыз немесе қолғап киіңіз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: