Инструкция по эксплуатации Zanussi ZM21M0

Страница 136

Advertising
background image

EMM21150

KZ

136

Күту менен тазалау

Керек жарақтарды (бұрылмалы табақ пен тіреуіш) тазалау

Пештің ішін тазалау

Пеш үнемі таза болуға тиіс. Шашыраған немесе төгілген тағамның қалдығы микротолқын қуатын

тартып, жанып кетуі мүмкін. Бұл пештің жұмыс өнімділігін төмендетіп, көңірсіген жаман иіс шығуына

себеп болуы мүмкін. Пештің қандай да бір бөлшектеріне тиісіп, өзгерту енгізуге немесе жөндеуге

тырыспаңыз. Жөндеуді тек білікті техникалық қызметкер іске асыруға тиіс.
Пешті тазалар алдында оның электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

Оларды пештің ішінен алып шыққаннан кейін жұмсақ тазартқыш затпен тазалаңыз. Бұрылмалы табақ

тағанын абайлап қолданыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пештің іші мен бұрылмалы табақ тағаны өте ыстық болады, сондықтан оларды

пайдаланылғаннан кейін дереу ұстамаңыз.

Пештің ішін әрқашан да таза ұстаңыз. Шашыраған немесе төгілген тағамды дереу сүртіп алыңыз. Пештің

қабырғаларында, есік тығыздағышы мен есіктің үстіңгі қабатында қатып қалған қалдықтар микротолқын

қуатын сіңіріп, пеш жұмысының өнімділігін төмендетеді және пештің ішкі жабдықтарына да нұқсан келтіруі

мүмкін. Қалдықтарды кетіру үшін жұмсақ, сұйық тазартқыш зат, жылы су және жұмсақ таза шүберек

пайдаланыңыз.

МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІҢ КЕЗ КЕЛГЕН БӨЛШЕКТЕРІНЕ ҚЫРҒЫШ ТАЗАРТҚЫШ ЗАТТАРДЫ,

ӨНЕРКӘСІПТІК ПЕШ ТАЗАРТҚЫШТАРЫН НЕМЕСЕ БОЛАТ ЖҮННЕН ЖАСАЛҒАН ТЫҒЫРЫҚТАРДЫ

ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.

Қатып қалған қалдықтарды жібіту үшін микротолқынды пештің ішінде шараға құйылған суды 2-3

минуттай қайнатыңыз.

ПЕШТІҢ БЕТКІ ҚАБАТЫНАН ҚАЛДЫҚТАРДЫ КЕТІРУ ҮШІН ПЫШАҚТЫ НЕМЕСЕ БАСҚА АС ҮЙ

ЖАБДЫҒЫН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.

Пештің ішіндегі иісті кетіру үшін бір шыныаяқ суға 2 ас қасық лимон шырынын қосып, 5 минуттай

қайнатыңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: