Инструкция по эксплуатации Zanussi ZM21M0
Страница 131
EMM21150
KZ
131
МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ ПІСІРУ
Микротолқынды пештің қуатын орнату бойынша
нұсқаулық
Есікті ашыңыз да, тағамды бұрылмалы табаққа
1.
қойыңыз. Есікті жабыңыз.
Қуат қосқышын қалаған қуат деңгейіне
2.
орнатыңыз. (Төмендегі кестені қараңыз).
Таймерді қалаған уақытқа орнатыңыз.
3.
Пеште тамақ пісіріле бастайды.
Тамақ пісіру уақыты 2 минуттан кем болған
жағдайда, таймерді көбірек уақытқа қойыңыз да,
кейін қалаған уақытқа қайтарыңыз.
Тамақ пісіп жатқанда пешті сөндіру үшін таймерді
0-ге бұрасаңыз болғаны.
Ескерім: Пайдаланып болғаннан кейін
таймерді 0 қалпына қойыңыз, әйтпесе пеш
жұмыс істей береді.
Мысалы: 600 Вт бойынша 20 минут пісіру
Қуат қосқышын 600 Вт мәніне қойыңыз.
1.
Түймешені 20 мәніне бұраңыз.
2.
Пеш 600 Вт бойынша 20 минут пісіруге автоматты түрде кіріседі.
3.
Піскен суық тағамдарды ысыту
• Тағам өндірушінің тамақты пісіру үшін көрсеткен уақытын тек нұсқаулық ретінде ғана пайдалану
керек. Егер тағам көрсетілген уақыт өткенде буы бұрқырап әбден піспесе, оны пешке қайта
қойыңыз да, дайын болғанша пісіріңіз. Кәдімгі тұмшапеште пісіргендей етіп пісіресіз.
• Тағамды, әсіресе тұздықтар мен бұқтырылған тағамдарды мезгіл-мезгіл араластырып отырыңыз.
• Піскен тамақты сәл уақыт бұқтырып қоюдың маңызы зор, бұл тамақ пісірудің бір бөлігі, ол сондай-
ақ тағамның температурасының біркелкі болуына мүмкіндік береді.
Қуат параметрлерін
орнату
Пайдалану жолдары
90 Вт
Жылы күйде сақтау; Тағамды жылы күйінде сақтайды
Жібіту; Мұздатылған тағамды жібіту.
360 Вт
Баяу қайнату; Кейбір бұқтырылған етті пісіру циклын аяқтау.
Қыздырып және бұқтырып пісірілетін тағамдар.
Тәтті кремдер мен ірімшікті кекстер.
600 Вт
Орташа; Қыздырып және бұқтырып пісіру үшін тезірек жібіту
және жылыту.
Торттар мен ашыған қамырдан бәліш пісіру
Жылыту; Бұрын дайындалған тағамды жылыту.
Ет пен құс етінің кесектерін қуыру
800 Вт
Сұйық тағамды қайнату немесе жылыту.
Көкөніс пісіру.
Қуырылған тағамды жылыту.