Дискілерді қолдану – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5500K

Страница 150

Advertising
background image

Қазақша

5

02
Қауіпсіздік ақпараты

Дискіні сақтау және басқару

Дискілерді қолдану

Диск пішіні

• Қалыпты пішіндегі дискілерді

пайдаланыңыз. Әдеттегіден

тыс диск (арнайы пішінді

диск) қолданылса, ойнатқышты зақымдап

алуға болады.

Дискілерді қолмен ұстау

• Деректер жазылған диск бетін

ұстамауға тырысыңыз.

Blu-ray дискілері

• Blu-ray дискісін ойнатқыштың ішінде ұзақ

уақыт бойы қалдырмаңыз. Blu-ray дискісін

ойнатқыштан шығарып, қабында сақтаңыз.

• Blu-ray дискісінің бетінде саусақ іздерін

немесе сызат қалдырмауға тырысыңыз.

DVD-VIDEO, аудио ышқам диск (CD-DA)

• Дискідегі шаңды немесе кірді жұмсақ

шүберекпен сүртіп тазалаңыз.

Дискіні сақтау

Дискіге зақым келтірмеу үшін абай болыңыз,

себебі дискіде жазылған деректер қоршаған

орта әсерлеріне өте сезімтал.

• Күн сәулесі тікелей түспейтін жерде сақтаңыз.

• Жақсы желдетілетін салқын жерде сақтаңыз.

• Тігінен қойып сақтаңыз.

• Таза қорғау қаптамасында сақтаңыз.

• Ойнатқышты кенет салқын жерден жылы

жерге апарса, істеп тұрған бөліктері мен

линзаның беті ылғалданып, диск қалыпты

ойнатылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда,

ойнатқышты розеткадан ажыратып, екі

сағат күтіңіз де, штепсельдік ұшты розеткаға

қосыңыз. Одан кейін, дискіні салып, қайта

ойнатып көріңіз.

Қолдануға қатысты ескертулер

• Дискінің сыртқы бетіне қаламсаппен немесе

қарындашпен жазу жазбаңыз.

• Жазуды өшіруге арналған спрейлерді немесе

антистатикалық спрейлерді қолданбаңыз.

Сонымен қатар, бензол немесе бояу еріткіші

сияқты ұшпа химиялық заттарды қолданбаңыз.

• Дискінің бетіне жапсырма қағаз бен стикерлерді

жапсырмаңыз. (Жапсырма таспаның немесе

стикерлердің желімі қалған дискілерді пайдаланбаңыз.)

• Сызылып қалудан қорғайтын заттар немесе

жабындарды қолданбаңыз.

• Қолданыстағы жапсырма қағаз басатын

принтерлермен басылған дискілерді пайдаланбаңыз.

• Сызылған немесе зақымдалған дискілерді

салмаңыз.

• Бұл ойнатқышқа басқа құрамдастар бөліктерді

жалғамас бұрын олардың өшірілгенін

тексеріңіз.

• Диск ойнатылып жатқанда, ойнатқышты

жылжытпаңыз. Диск сызылуы немесе

зақымдануы мүмкін, сондай-ақ ойнатқыштың

ішкі бөліктерді де зақымдануы мүмкін.

• Ойнатқыштың үстіне су толтырылған гүл

құмырасын немесе кез келген ұсақ темір

заттар қоймаңыз.

• Диск ұясына қолыңызды сұқпаңыз.

• Диск ұясына дискіден басқа заттар салмаңыз.

• Найзағай және статикалық электр қуаты

сияқты сыртқы жабдықтардан пайда болатын

кедергілер осы ойнатқыштың қалыпты

жұмысына әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдай

туындаса, POWER түймесі арқылы ойнатқышты

өшіріп, қайта қосыңыз немесе ауыспалы ток

сымын розеткадан ажыратып, қайта жалғаңыз.

Ойнатқыш қалыпты жұмыс істейтін болады.

• Пайдаланғаннан кейін дискінің шығарылғанын

және ойнатқыштың өшірілгенін тексеріңіз.

• Ойнатқышты ұзақ пайдаланбаған жағдайда

ауыспалы ток сымын розеткадан ажыратыңыз.

• Дискіні тазалау үшін ішінен

сыртына қарай түзу сүртіңіз.

• Ойнатқышқа сұйықтық төгіліп

кетуіне жол бермеңіз.

• Айнымалы ток ашасы розеткаға қосулы кезде,

ойнатқыш өшіп тұрса да (күту күйінде) қуат

тұтына береді.

BD-D5500K-RU-KAZ-SEIN-1 New.indd 5

3/24/11 3:17 PM

Advertising