Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5500K
Страница 210
08
Қосымша
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМІ
Кілтсөзді ұмыттым
• Дискті салмастан, ТОҚТАТУ ( ) түймесін (алдыңғы панельде) 5 секундтан
артық басып тұрыңыз. Барлық параметрлердің, оның ішінде кілтсөздердің,
зауыттық мәндері қалпына келеді.
Бұл параметрді аса қажетті жағдайда ғана қолданыңыз.
• Зауыттың әдепкі параметрлері қалпына келгенде, пайдаланушының сақталған
бүкіл BD деректері жойылады.
Басқа ақаулықтарға тап болғанда.
• Мазмұнға өтіп, пайдаланушы нұсқаулығының туындаған мәселені түсіндіретін
бөлімін тауып алып, процедураны қайта орындаңыз.
• Егер мәселе шешілмесе, ең жақын орналасқан Samsung өкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Бейне дірілдейді немесе шуы бар
• Диск бетінің кірленбегенін немесе сызылмағанын тексеріңіз.
• Дискіні тазалаңыз.
HDMI шығыс сигналы жоқ
• Ойнатқыштың HDMI ұяшығы мен теледидар арасындағы байланысты тексеріңіз.
• Теледидар 576p/480p, 720p, 1080i, 1080p HDMI кірісінің
ажыратымдылығын қолдайтынын тексеріңіз.
HDMI шығысының экраны қалыптан тыс.
• Экранда кездейсоқ шулар пайда болса, теледидар HDCP (Кең жолақты сандық
мазмұнның қорғауы) қолдамайтынын көрсетеді.
AllShare функциясы
AllShare функциясы арқылы бөліскен
қалталарды көре аламын, бірақ файлдарды көре
алмаймын.
• AllShare функциясы сурет, музыка және фильм санаттарына сәйкес келетін
файлдарды ғана көрсетеді. Осы санаттарға сәйкес келмейтін санаттар көрсетілмеуі
мүмкін.
Бейне тоқтап-тоқтап ойнатылады.
• Желінің тұрақты екенін тексеріңіз.
• Желі кабелінің жақсы жалғанғанын және желінің шамадан тыс жүктелмегенін
тексеріңіз.
• DLNA қолдайтын құрылғы мен ойнатқыш арасындағы сымсыз байланыс тұрақты
емес.
Байланысты тексеріңіз.
Теледидар мен компьютер арасындағы AllShare
байланысы тұрақты емес.
• Сол ішкі желідегі IP мекенжайы бірегей болуы тиіс. Олай болмаса, осы жағдайды
IP кедергісі туғызуы мүмкін.
• Брандмауэрдың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Қосылған болса, брандмауэр функциясын ажыратыңыз.
Қазақша
65
BD-D5500K-RU-KAZ-SEIN-3.indd 65
3/24/11 3:20 PM