Параметрлерді орнату, Индикатор, Беспроводной пульт ду – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5500K

Страница 187: Обновление по

Advertising
background image

42

Қазақша

Параметрлерді орнату

Общие

Индикатор

Алдыңғы панельдің жарықтығын өзгертеді.

• Авто: ойнатылған кезде күңгірттенеді.

• Неяркий: дисплей терезесі күңгірттейді.

• Яркий: дисплей терезесінің жарықтығын

арттырады.

Беспроводной пульт ДУ

«Беспроводной пульт ДУ» функциясы Blu-ray

диск ойнатқышын смартфон сияқты қашықтағы

құрылғымен жергілікті аймақ желісіне сымсыз

түрде қосылу арқылы басқаруға мүмкіндік береді.

«Беспроводной пульт ДУ» функциясын пайдалану

үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. «Беспроводной пульт ДУ» мәзірінде Вкл.

тармағын таңдаңыз.

2. Шағын үйлесімді құрылғымен ойнатқышты

басқару үшін, желіні қашықтан басқару

құралының Samsung қолданбасын орнатыңыз.

3. Шағын құрылғы мен ойнатқышыңыздың

бір сымсыз маршрутизаторға жалғанғанын

тексеріңіз.

4. Қолданбаны шағын құрылғыда қосыңыз.

Қолданба ойнатқышты тауып, оны тізімде

көрсетуі тиіс.

5. Ойнатқышты таңдаңыз.
6. Бұл функцияны алғаш рет қолданып жатқан

болсаңыз, ол ойнатқыштың қашықтан

басқару құралына рұқсат етуді немесе тыйым

салуды сұрайды. «Разр.» тармағын таңдаңыз.

7. Ойнатқышты басқару үшін, қолданбамен

бірге берілген нұсқауларды орындаңыз.

Поддержка

Обновление ПО

«Обновление ПО» мәзірі жұмысты жақсарту

және қосымша қызметтер алу мақсатында

ойнатқыштың бағдарламалық құралын жаңартуға

мүмкіндік береді. Жаңартуды 4 әдіспен орындауға

болады:

• Через Интернет

• По USB

• С диска

• С загр. файла (Файл)

Бұл төрт әдістің түсіндірмесі төменде берілген.

Через Интернет
Интернет арқылы жаңарту үшін, төмендегі

қадамдарды орындаңыз.
1. Через Интернет параметрін таңдап, ЕНГІЗУ

түймесін басыңыз. «Серверге байланысуда»

хабары пайда болады.

2. Жүктелетін файлдар бар болса, орындалу

көрсеткіші бар Жүктеп алу қалқыма терезесі

ашылып, жүктеп алу үрдісі басталады.

3. Файл жүктеліп болғанда, үш таңдау берілген

Жаңарту сұрауы терезесі пайда болады: Қазір

жаңарту, Кейін жаңарту немесе Жаңартпау.

4. Қазір жаңарту тармағын таңдаса, ойнатқыш

бағдарламалық құралды жаңартып,

автоматты түрде өшіп, қайта қосылады.

5. Бір минут ішінде ештеңе таңдалмаса немесе

Кейін жаңарту тармағы таңдалса, ойнатқыш

жаңартылған бағдарламалық құралды

сақтап қояды. Бағдарламалық құралды «С

загр. файла» функциясын пайдаланып кейін

жаңартуға болады.

6. Жаңартпау тармағы таңдалса, ойнатқыш

жаңартудан бас тартады.

ЕСКЕРТПЕ

«Через интернет» функциясын пайдалану үшін,
ойнатқыш Интернетке қосылған болу керек.

Ойнатқыш өздігінен өшіп, қайта қосылғанда, жаңарту

аяқталған болады.

Жаңарту барысында, ойнатқышты қолмен өшіріп, қайта

қосушы болмаңыз.

BD-D5500K-RU-KAZ-TSEC-2.indd 42

3/24/11 3:31 PM

Advertising