Қосымша – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5500K

Страница 213

Advertising
background image

Қосымша

Сәйкестік және үйлесімділік ескертуі

Дисктердің барлығына қолдау көрсетіле бермейді.

• Төменде сипатталған және осы нұсқаулықта, соның ішінде осы нұсқаулықтың «Диск түрі

мен сипаттамалары» бөлімінде аталған шектеулерге байланысты ойнатылатын диск түрлері

төмендегідей болады: алдын ала жазылған коммерциялық BD-ROM, DVD-VIDEO және аудио

ықшам дискілер (CD-DA); BD-RE/-R, DVD-RW/-R дискілері; CD-RW/-R дискілері.

• Жоғарыда келтірілген дискілерден өзгеше дискілер ойнатылмайды немесе осы ойнатқышта

ойнатуға арналмаған. Жоғарыда келтірілген дискілердің кейбіреуі төменде берілген себептерге

байланысты ойнатылмауы мүмкін.

• Samsung компаниясы осы ойнатқыштың BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+

R and CD-RW/-R логотиптері бар барлық дискілерді ойнататына кепілдік бермейді, сондай-ақ осы

ойнатқыш барлық басқару пәрмендерін орындамауы немесе әр дискідегі мүмкіндіктерді іске қоспауы

да мүмкін. Жаңа және қолданыстағы пішімде болған дискілерін пайдаланғанда дискінің осы және өзге

үйлесімдік мәселелері және ойнатқыштың жұмыс атқару мәселелері туындауы мүмкін, себебі:

- Blu-ray – жаңа және дамып келе жатқан пішім және осы ойнатқыш Blu-ray дискілерінің барлық

функцияларын істетпеуі мүмкін, себебі кейбір функциялар таңдау бойынша беріледі, кейбір

функциялар Blu-ray пішіміне ойнатқыш жасалғаннан кейін қосылған болуы мүмкін, сондай-ақ

кейбір бар функциялардың пайдалану мүмкіндігі кешіктіріліп берілуі мүмкін.

- осы ойнатқыш дискілердің барлық жаңа және бұрыннан бар пішім нұсқаларын қолдамайды;

- жаңа және бұрыннан бар диск пішімдері қайта өңделген, өзгертілген, жаңартылған, жетілдірілген

және/немесе толықтырылған болуы мүмкін;

- кейбір дискілер ойнату барысында арнайы немесе шектеулі әрекет яки мүмкіндікке жол беретін

етіп шығарылады.

- кейбір функциялар таңдау бойынша беріледі, кейбір функциялар Blu-ray пішіміне ойнатқыш

жасалғаннан кейін қосылған болуы мүмкін, сондай-ақ кейбір бар функциялардың пайдалану

мүмкіндігі кешіктіріліп берілуі мүмкін;

- BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+ R және CD-RW/-R логотиптері бар

кейбір дискілер әлі стандартқа кірмеген дискілер болуы мүмкін;

- кейбір дискілер физикалық күйіне немесе жазу жағдайларына байланысты ойнатылмауы мүмкін;

- Blu-ray дискілері мен DVD бағдарламалық құралы жасалған кезде және/немесе дискілер

өндірілген уақытта ақаулықтар мен қателер туындауы мүмкін;

- осы ойнатқыш стандартты DVD ойнатқышпен немесе басқа AV жабдықпен салыстырғанда

өзгеше жұмыс істейді; және/немесе

- осы нұсқаулықта айтылған және SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығы анықтап, жариялаған

себеп(тер)ге байланысты.

• Егер диск үйлесімділігі немесе ойнатқыштың жұмыс істеуі бойынша туындаған мәселелерге тап

болсаңыз, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз. SAMSUNG тұтынушыларды

қолдау орталығына хабарласып осы ойнатқыштың жаңартуларын алуға да болады.

• Ойнатуға қойылатын шектеулер мен диск үйлесімділігі жөнінде қосымша ақпарат үшін осы

нұсқаулықтың «Ескертулер», «Пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын», «Диск түрлері мен

сипаттары», «Ойнатпас бұрын» бөлімдерін қараңыз.

Көшіруден қорғау

• CSS (Content Scramble System) жүйесі DVD пішіміндегі дискілерге қолданылып жүргендей, AACS

(Advanced Access Content System) жүйесі Blu-ray пішімдегі дискілердің мазмұнын қорғау үшін

мақұлданғандықтан, AACS жүйесімен қорғалған мазмұнның ойнатылуы, аналогтық сигналдың

шығысы, т.б. сияқты параметрлерге белгілі бір шектеулер қойылады.

Осы өнімнің жұмысы және оған қойылатын шектеулер сатып алу уақытына қарай әртүрлі болуы

мүмкін, себебі AACS жүйесі сол шектеулерді өнім өндірілгеннен кейін бейімдеген және/немесе

өзгерткен болуы мүмкін. Онымен қоса, Blu-ray пішіміндегі дискілер үшін BD-ROM Mark және BD+

мазмұнды қорғаудың қосымша жүйесі ретінде қолданылады, сондықтан BD-ROM Mark және /

немесе BD+ қорғанысы орнатылған мазмұнына ойнату шектеулері сияқты белгілі бір шектеулер

орнатылады. AACS, BD-ROM Mark, BD+ немесе осы өнім туралы қосымша ақпарат алу үшін,

SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз.

68

Қазақша

BD-D5500K-RU-KAZ-SEIN-3.indd 68

3/24/11 3:20 PM

Advertising