Жұмысты бастау, Blu-ray дискісінің үйлесімділігі, Диск түрлері – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5500K

Страница 157

Advertising
background image

12

Қазақша

Жұмысты бастау

ЕСКЕРТПЕ

Кейбір сатылатын дискілер мен аймағыңыздан тыс сатып

алынған DVD дискілері бұл ойнатқышта ойнатылмауы

мүмкін.

Ойнату кейбір диск түрлеріне немесе көру бұрышы
мен кадр пішімінің өзгертілуі сияқты арнайы әрекеттер

орындалғанда істемеуі мүмкін. Диск туралы толық

ақпарат диск қорабында жазылған. Қажет болса, соны

қараңыз.

Дисктің кірленуіне немесе сызылуына жол бермеңіз.
Жазу бетіндегі саусақ іздері, кір, шаң, сызаттар немесе

темекі күлі дискіні ойнатуға жарамсыз етуі мүмкін.

BD-J тақырыбы ойнатылғанда, оның жүктелуі қалыпты
тақырыпқа қарағанда ұзағырақ уақыт алуы немесе

кейбір функциялар баяу орындалуы мүмкін.

Осы ойнатқыш бүкіл жұмыс пәрмендері бойынша
әрекет етпейді, себебі ойнату барысында кейбір Blu-

ray, DVD және ықшам дискілері арнайы немесе

шектеулі пайдалану мүмкіндігін ғана береді және белгілі

мүмкіндіктерді ғана қамтамасыз етеді.

Бұл ойнатқыштың ақаулығы емес екенін ескеріңіз.

Samsung компаниясы осы ойнатқыштың Blu-ray,
DVD немесе ықшам дискісінің логотипі бар әр дискіні

ойнататынына кепілдік бере алмайды, себебі диск

пішімдері жетіліп келеді және Blu-ray, DVD және

ықшам дискісінің бағдарламалық құралын жасау

және/немесе дискілерді өндіру барысында қиындықтар

туындау мүмкін.

Сұрақтарыңыз болса немесе Blu-ray, DVD немесе

ықшам дискілерін ойнатқышта ойнату барысында

қиындықтар пайда болса, SAMSUNG компаниясының

Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

Сонымен қатар, ойнату шектеулері туралы қосымша

ақпаратын осы нұсқаулықтың қалған бөлімдерінен

табуға болады.

Blu-ray дискісінің үйлесімділігі

Blu-ray дискісі жаңа және дамып келе жатқан

пішім болып табылады. Сондықтан, диск

үйлесімділігіне қатысты мәселелер орын

алуы мүмкін. Дискілердің барлығы үйлесімді

бола бермейді және дискілердің барлығы

ойнатылмауы мүмкін. Қосымша ақпарат үшін

осы нұсқаулықтың «Сәйкестік пен үйлесімділік

ескертуі» бөлімін қараңыз.

Диск түрлері

BD-ROM

Blu-ray ROM дискілерін тек ойнатуға болады.

Бұл ойнатқыш алдын ала жазылған сатылатын

BD-ROM дискілерін ойната алады.

BD-RE/-R

Blu-ray RE/-R дискілеріне жазуға және оларды

ойнатуға болады.

Бұл ойнатқыш басқа үйлесімді Blu-ray

дискілерінің рекордерлерімен жазылған BD-

RE/-R дискілерін ойната алады.

DVD-VIDEO

• Бұл ойнатқыш бейне фильмдері бар алдын

ала жазылған сатылатын DVD дискілерін (DVD-

VIDEO дискілері) ойната алады.

• Екі қабатты DVD-VIDEO дискісінің бірінші

қабатынан екіншісіне ауысқанда, бейне

және дыбыс біраз дірілдеуі мүмкін. Бұл

ойнатқыштың ақаулығына жатпайды.

DVD-RW/-R/+R

Бұл ойнатқыш DVD бейне рекордерінде

жазылған және пішімделген DVD-RW/-R/+R

дискілерін ойната алады. Ойнату мүмкіндігі

жазылу жағдайларына байланысты болуы

мүмкін.

DVD+RW

• Бұл ойнатқыш DVD бейне рекордерінде

жазылған DVD+RW дискілерін ойната алады.

Ойнату мүмкіндігі жазылу жағдайларына

байланысты болуы мүмкін.

Дыбыстық ықшам диск (CD-DA)

• Бұл ойнатқыш CD-DA пішімінде жазылған CD-

RW/-R дыбыс дискілерін ойната алады.

• Бұл ойнатқыш жазылу жағдайларына

байланысты кейбір CD-RW/-R дискілерін

ойнатпауы мүмкін.

BD-D5500K-RU-KAZ-SEIN-1 New.indd 12

3/24/11 3:17 PM

Advertising