Инструкция по эксплуатации Samsung WF80F5E2W4W-LP
Страница 104
Казақ - 16
3. Әуелі, "+" тәрізді ұштығы бар бұрағышты қолданып, адаптердің төрт
бұрандасын босатыңыз. Содан кейін
(D) бөлігін
ұстап тұрып
(E)
бөлігін
көрсеткі бағытымен 5 мм орын қалғанша бұраңыз.
(*): 5 мм
E
D
4. Адаптерді жоғары қаратып ұстаған қалпы, су шүмегіне барлық
бұрандаларын қатты қатайтып бекітіңіз.
Содан кейін
(E) бөлігін
көрсеткі бағытымен бұрап адаптерді
қатайтыңыз.
E
5. Су құятын түтікті адаптерге жалғаңыз. Егер
(F) бөлігін
адаптерге қарай
итерсеңіз, түтіктен сырт еткен дыбыс шығып, адаптерге автоматты
түрде қосылады.
Су құятын түтікті адаптерге жалғап болғаннан кейін, оның дұрыс
жалғанғанын су құятын түтікті төмен тартып тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Су құятын түтіктің бұралып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз. Егер түтік бұралып немесе майысып
қалса, су ағуы, аққан суға байланысты электр қатері пайда болуы
мүмкін. Егер қажет болса, кір жуғыш машинадағы су құятын
түтіктің ұшындағы L-пішімді тетікті босатып, түтікті айналдыра
отырып, қайта орналастырып, L-пішімді тетікті қайта қатайтуға
болады.
F
6. Суды қосып, су құйылатын жерден, шүмектен немесе адаптерден су
ақпай тұрғанын тексеріңіз. Егер су ағып кетсе, алдыңғы қадамдарды
қайталаңыз.
ЕСКЕРТУ: Су ағып тұрса, кір жуғыш машинаны қолданбаңыз.
Электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.
Егер судың шүмегі бұрама шүмек болса, су құятын түтікті шүмекке
көрсетілгендей жалғаңыз.
Су құю үшін стандартты шүмекті қолданыңыз. Егер шүмек төртбұрыш пішінді немесе тым үлкен болса,
тығыздағыш шығырықты шүмекті адаптерге кіргізбей тұрып алыңыз.
Untitled-3 16
2014-05-26 3:22:16