Қауіпсіздік шаралары – Инструкция по эксплуатации LG HB-1002CJ

Страница 149

Advertising
background image

KZ

149

Қауіпсіздік шаралары

Электр аспаптарын пайдаланған кезде, өрт шығу, электр тогы соғуы және адамдардың жарақат алуы

қатерін болдырмас үшін жалпы қабылданған қауіпсіздік шараларын ескеру қажет.

• Бұйымды қолданар алдында оны пайдалану

жөніндегі нұсқаулықпен зейін қойып танысыңыз.

• Электр тогы соғу қатерін болдырмас үшін сымның

немесе тұтас бұйымның суға немесе басқа сұйық

затқа түсіп кетуіне жол бермеңіз (сондай-ақ

бұйымды күтіп ұстау туралы бөлімді қараңыз).

• Ашық тұрған ыстық беттерге жанаспаңыз. Жаңа

піскен нан салынған ыстық қалыпты алған кезде

ас-үй қолғабын киіңіз. Жұмыс істеп тұрған

Наубайхананың жанында балаларды қараусыз

қалдырмаңыз.

• Балалардың бұйыммен ойнауына рұқсат етпеңіз.

• Пайдаланып болғаннан кейін бұйымды желіден

ажыратуды ұмытпаңыз.

• Сондай-ақ бұйымды жуардан немесе дымқыл

шүберекпен сүртерден бұрын міндетті түрде

желіден ажыратыңыз. Бұйым әдбен суымай тұрып,

оны бөлшектемеңіз және құрастырмаңыз.

• Құрылманың қозғалмалы бөлшектерін қолмен

ұстамаңыз.

• Наубайхананың сымы немесе ашасы бүлінген

болса, сондай-ақ егер бұйымның қалып жұмысы

бұзылса, ол еденге құласа немесе қандай да

бір басқаша жолмен бұзылған болса, оны іске

пайдаланбаңыз. Ақаулықтар пайда болған

жағдайда, бұйымды қаратып, жөндету немесе

баптау үшін жақын маңдағы қызмет көрсету

орталығына апарыңыз.

• Бұйымды сыртта, далада пайдаланбаңыз.

• Сымның үстелдің шетінен салбырап тұруына

немесе ыстық беткі қабаттарға тиюіне жол

бермеңіз.

• Бұйымды газ немесе электр пештерінің, сондай-ақ

тұмшапештердің жанында орнатпаңыз.

• Бұйымды желіден ажыратқан кезде тек ашасынан

ұстап суырыңыз. Сымынан тартпаңыз – бұл

розетканың бүлінуіне немесе қысқа тұйықталуға

себеп болуы мүмкін.

• Бұйымды тікелей мақсатынан өзге мақсатта

пайдаланбаңыз.

• Осы бұйымның тек тұрмыста пайдалануға

арналғанын есіңізде ұстаңыз.

• Тауарды алғаш қолданғанда (әсiресе пештi

қыздырған уақытта) пештiң iшi қыза бастауымен

бiрге күйiктiң иiсi шығуы мүмкiн немесе қатты

дауыс естiлуi мүмкiн. Бұзылған тауар емес,

уайымдамай қолданыңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: