Сұйықтықтар – Инструкция по эксплуатации LG HB-1002CJ
Страница 165
KZ
мұздатқыш камерада немесе тоңазытқышта
сақтау керек. Түйіршіктелген ашытқы бөлме
температурасында тез жылынады, сондықтан
оны арнайы жібітудің қажеті жоқ. Қолданардан
бұрын ашытқының жарамдылық мерзімін тексеріп
алыңыз. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ашытқыны
қолдануға рұқсат етілмейді. Ашытқыны қолдану
мөлшері әрбір аспаздық рецепте көрсетіледі.
Сұйықтықтар
Сұйықтықтар ашытқының әрекетін тездетіп,
қамырға серпімділік беру үшін қолданылады.
Оларға нан пісіру барысында пайдаланылатын
кез келген сұйық құрамдас бөліктер жатады.
Наубайшылардың пікірінше, ашытқының әрекетін
тездету сұйықтықтың оңтайлы температурасы
43-46 градус аралығында болуға тиіс. Егер
температура төмен болса, қамыр тиісті түрде
көтерілмейді.
Алайда, Наубайханада нан пісіру үшін біз
сұйықтықтың температурасын 26,6 градусқа
дейін көтеруді ұсынамыз. Дәл осы температурада
ашытқының әрекеті біртіндеп үдейтіні тәжірибелік
жолмен анықталды, және осы температура
компьютерге орнатылған бағдарламаға барынша
сай келеді. Егер қыздыру температурасын көбейтсе,
ашытқы тезірек ашытады, бірақ мұндай жағдайда
қамыр артық қызып кетеді. Eгер қамыр көтерілген
кездегі оның температурасы 37,7 градустан
асып кетсе, ашытқы саңырауқұлақтары жойылып
кетпейді, алайда өте жасық болып, күші азаяды.
Негізгі рецепт бойынша ұсынылған сұйықтықтың
мөлшерін жергілікті климаттық жағдайлармен
мөлшерлес қолдану керек, себебі құрғақ және
ылғал ауада ұнға сіңірілетін ұнның мөлшері әр
түрлі болуы мүмкін. Бұл орайда оның айырмасы
өлшем ыдысының көлемінің жартысына дейін жетуі
мүмкін. Қамыр илеген кезде ол жұмсақ әрі серпімді
болуға тиіс. Егер ол тым шикі болып шықса,
онда 5 минут илегеннен кейін шамалы ұн (бір ас
қасық) қосып, қайтадан жақсылап илеуге болады.
Сондай-ақ, егер қамыр тым қатты болып шықса,
осы кезде шамалы сұйықтық (бір ас қасықтан)
қосуға да болады. Егер нан пісіру кезінде қамыр
жарыла бастаса немесе өте бұжыр болып кетсе,
сұйықтықтың бастапқы мөлшерін азайту қажет.
Eгер сіз нанды Tаймердің әмірі бойынша уақытын
кешіктіріп пісірмек болсаңыз, рецепт бойынша
ұсынылған сұйықтықтың мөлшерін бір ас қасыққа
азайтыңыз.
Сұйықтық бұл орайда салқын болуға тиіс.
Шикі жұмыртқа да сұйық өнімдердің санатына
жатады. Алайда жұмыртқа өлшем тостағының
1/4 көлеміне, оның ақуызы – 1/8 көлеміне сәйкес
келеді. Жұмыртқа бөлме температурасында
болуға тиіс. Eгер жұмыртқаны тоңазытқышта
сақтасаңыз, қолданар алдында оны жылы суға
салып қоя тұрыңыз. Қамыр илеу үшін жарамдылық
165