Инструкция по эксплуатации LG HB-1002CJ
Страница 166
KZ
мерзімі өтіп кеткен азық-түліктің пайдаланылуына
жол бермеңіз. Қаймағы алынған құрғақ сүтті
пайдалану көзделетін рецепттерде оның орнына
жас сүтті қолдануға болады. Алайда, мұндай
жағдайда судың ұсынылатын көлемінің орнына
сүт қосу қажет. Сүт қамырдың құрылымын биязы
етеді. Tаймер бойынша мерзімін кешіктіріп нан
пісірген кезде, ашып кетуіне жол бермес үшін жас
сүтті пайдаланбаған жөн. Азық-түлікті рецептте
көрсетілген ретке қатаң сәйкес түрде қосу керек.
Бұл орайда ашытқы түгелдей құрғақ болуға тиіс.
Ескерім: ашып кетуіне немесе бүлінуіне жол
бермес үшін, Tаймер бойынша мерзімін кешіктіріп
нан пісірген кезде жас жұмыртқа, қаймақ, сүт,
кілегей мен үй сүзбесін қолданбаңыз. Егер:
• қаймағы алынбаған сүттің көлемін сумен
ауыстыру үшін дәл есептеп шығару мүмкін болса;
• ол қамыр илер алдында ашытқыны жібіту үшін
пайдаланылмайтын болса, оның орнына құрғақ
сүтті пайдалануға болады.
Қосымша құрамдас бөліктер
(жеміс-жидек, жаңғақ,
көкөніс)
Қамырға қосымша құрамдастарды қосқан
кезде, олардың құрамындағы қантты, майлар
мен ылғалды есепке алу керек. Сондықтан
толтырманың жалпы салмағы пайдаланылатын
бастапқы азық-түліктің жалпы салмағының
15%-ынан аспауға тиіс. Үстемелер қосылған дайын
нанның биіктігі үтемелерсіз наннан сәл төмен
болуы мүмкін, себебі бөгде қоспалар қамырдың
глютендік құрылымын бұзады. Қамырға біздің
рецептте ұсынылғаннан артық толтырма қосуға
тырыспаңыз. Толтырмаларды қамырды екінші рет
илеу кезінде дыбыстық белгі берілгеннен кейін
қосу керек.
Нан мен нан-тоқаш өнімдерін
дайындауға арналған
қосымша азық-түлік
Қант
Өзінің дәмдік сипаттарына қосымша, қант
сондай-ақ қамырды ашыту мен көтеру үшін де
қолданылады. Ашыту ашытқы ферменттерінің
қантпен өзара әрекетке түсуінің нәтижесінде
орын алады. Ашыту үшін ақ, қоңыр қантты, балды
немесе қара сірнені пайдалануға болады. Бұл
орайда тек бал мен сірненің сұйық өнімдерге
жататынын ескеру керек, сондықтан қант
қолданылатын рецепт бойынша ұсынылатын
сұйықтықтың мөлшерін солардың көлеміне сайма-
сай түрде азайтыңыз. Ашытқыны ұйытқан кезде
166